«Нұрғисаға сағыныш» атты шығармашылық концерт өтті

Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында композитор, дирижер, КСРО-ның Халық әртісі, Қазақстанның Халық қаһарманы Нұрғиса Атабайұлы Тілендиевтің туғанына 100 жыл толуына орай Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Бақберген Асқарбековтың «Нұрғисаға сағыныш» атты шығармашылық концерті өтті.
Бұл концертің басты мақсаты – қазақ музыкасының асыл қазынасы болған ұлы тұлғаның шығармашылығын кеңінен насихаттап, оның өнерін ұлықтау болып табылады.
Нұрғиса Атабайұлы – қазақ музыкасының ұлы тұлғасы, өз өнерімен ұлттық мәдениеттің терең тамырларын жаңғыртып, оны жаңа деңгейге көтерген композитор, дирижер және орындаушы.
Концерт Мұқан Төлебаев атындағы халық аспаптары оркестрінің сүйемелдеуімен ұйымдастырылып, көрермендерге «Жүрегім менің», «Бұлбұл», «Аққу», «Ақмарал», «Махаббат», «Жетісуым» сынды шығармалар ұсынылды.
Кешті – Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері Марал Анарбек жүргізді.
Кеш қонақтары «Күреңбел» триосы, Інжу Бақбергенқызы, Жомарт Такебаев және Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының бишілер ансамблі өнер көрсетті.
Бұл кеш – Нұрғиса Тілендиевтің музыкалық мұрасына деген құрметтің, оның шығармашылығына деген сағыныштың көрінісі болды.