Ташкентте Экономикалық ынтымақтастық ұйымының кезекті саммиті басталды

0
86
Фото: Әлихан Асқар

Ташкентте Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевтің төрағалығымен Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) 16-шы саммиті басталды, деп хабарлайды Kazinform.

Жиын алдында ұйымға қатысушы елдердің басшыларын қарсы алу және суретке түсу рәсімдері өтіп жатыр.

Саммитке Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев, Иран басшысы Ибрахим Раиси, Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан мемлекетінің басшысы Эмомали Рахмон, Түрікменстан президенті Сердар Бердімұхамедов, Түркия елінің басшысы Режеп Тайип Ердоған, Қазақстанның премьер-министрі Әлихан Смайылов, Пәкістан уақытша үкіметінің басшысы Анвар уль-Хак Какар және ЭЫҰ-ның Бас хатшысы Хусрав Нозири қатысып отыр.

Отырыста сауда-экономикалық, инвестициялық, көлік-коммуникациялық және гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайту, сондай-ақ ЭЫҰ-ның қызметін жетілдіру мәселелері талқыланады.

Айта кетейік, ЭЫҰ – 1985 жылы Орталық Азия және Таяу Шығыс елдерінің бастамасымен құрылған мемлекетаралық аймақтық ұйым. Ол Иран, Пәкістан және Түркия мемлекеттері арасында қол қойылған Измир шартының негізінде жұмыс істейді. 1992 жылдан кейін аталған ұйымның қызметі жандана түсті. Өйткені, осы жылы оған Қазақстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Түрікменстан, Ауғанстан, Қырғыз Республикасы және Өзбекстан елдері қосылды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ