Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған арнайы хореографиялық спектакль өтті
03.11.2025
0
18

Астанада «Наз» мемлекеттік би театры көрерменге Халық Қаһарманы, Қазақстанның Халық әртісі, композитор, дирижер, күйші Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына арналған «Нұрғиса» хореографиялық спектаклін қайта ұсынды, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
Іс-шараға Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен қатысты.
Театр ұжымы ұлт рухын асқақтатқан дара тұлғаға тағзым ретінде оның өмірі мен шығармашылығын би тілімен бейнеледі. «Нұрғиса» – қазақ музыка өнерінің алып тұлғасына арналған хореографиялық ескерткіш, театр репертуарындағы інжу-маржан қойылымдардың бірі.
Қазақ музыкасын биік деңгейге көтерген көрнекті тұлға Нұрғиса Тілендиевтің өмірі мен оның ұлттық өнерге қосқан өлшеусіз үлесін дәріптеу мақсатында қойылған спектакльде композитордың 30-дан аса шығармасы орындалып, «Кел, еркем, Алатауыма», «Көш-керуен», «Алатау», «Куә бол», «Ата толғауы» сияқты халық сүйіп тыңдайтын туындылары хореография тілінде сөйледі.
«Дүниеге келуі», «Балалық шағы», «Жастық шағы», «Шыңдалу», «Алып тұлға» атты бес бөлімнен тұратын спектакльде композитордың өмір жолы мен өнердегі өрнегі көрермен көз алдында би лентасы іспетті өрілді. Қойылымға «Тұлпар» және «Айша бибі» балалар би ансамбльдері де қатысты (жетекшісі – Сымбат Қойсоймасов).
Нұрғиса Тілендиев бабамызға арналған бұл қойылым – біздің театр репертуарындағы айрықша туынды. Ол – қазақ музыкасына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның өмірін би тілімен бейнелеген хореографиялық ескерткіш.
Спектакль жастарды ұлттың рухын сезінуге, халық музыкасын құрметтеуге тәрбиелеуге бағытталған», – деді театр директоры, ҚР Мәдениет қайраткері, спектакльдің қоюшы режиссер-хореографы Еркебұлан Ағымбаев.
Айта кетейік, «Наз» мемлекеттік би театры – Қазақстанда ірі хореографиялық спектакльдер қойған алғашқы би театры. Бүгінде театр қоржынында 130-ға жуық би қойылымы мен 15 хореографиялық спектакль бар.
ПІКІР ҚАЛДЫРУ Бас тарту
КӨП ОҚЫЛҒАН
-
Тәрбие – тал бесіктен басталады
21.02.202379960Адам баласы шыр етіп дүниеге келісімен тал бесіктен, жер бесікке дейін тәлім-тәрбиені ... -
Қазіргі қазақ прозасындағы мистика
07.04.2023
Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Ақпарат комитетінде тіркеліп ақпараттық агенттігі ретінде № KZ17VPY00041336 куәлігі берілді.
Портал материалдарын пайдаланғанда міндетті түрде сілтеме берулеріңізді сұраймыз.
E-mail: zamandas69@mail.ru
Телефон: +7 701 731 5585
Мекен-жай: ҚР, Алматы қаласы Жетісу -1 ш/а,40 үй, 11 пәтер
© 2025 | «Zamandas.kz» ақпарат агенттігі | Барлық құқықтар сақталған








