Нұр-сұлтандық оқушы ресми эко-амбассадор атанды

0
40

Нұр-сұлтан қаласындағы Назарбаев атындағы Зияткерлік мектептің 12 – сынып оқушысы Сәнім Зейінғабыл ҚРресми эко-амбассадоры атанды. Бұл туралы мектептің баспасөз қызметі мәлімдеді, – деп хабарлайды zamandas.kz сайты.

Эко-амбассадор экологиялық бастамалар мен жобаларды табысты ілгерілетуге атсалысады.  Табиғат жанашырларына экологиялық жобаларды ілгерілетуге, экологиялық сананы дамытуға, күнделікті өмірде экологиялық қағидаларды ұстану қажеттілігіне ықпал ету ерекше міндеті жүктелген.

«Менің жобам мектептегі экологиялық қозғалысты дамыту, танымдылықты арттыруға бағытталған болатын. Сондықтан мен Эко клубтың лидері ретінде былтыр онлайн режимде көптеген республикалық және халықаралық іс-шараларды өткіздім. Мәжіліс депутаты, министірліктің өкілдері, бизнес өкілдері, Қазақстандағы экологияны негіздеген өкілдермен жұмыс істедім. Халықаралық іс-шарадан кейін, министірлік өкілдері жасалған жұмысты ескеріп, мектептің ұсынысымен мені Қазақстан Республикасынның ресми Эко-Амбассадорлығына ұсынды»,-деді оқушы Сәнім Зейінғабыл.

Табиғат жанашырының айтуынша,  адам қоршаған ортаның тазалығы үшін жауапкершілікті өзіне алып, электр энергиясын, суды үнемдеу, экологиялық тұрғыда таза өнімді қолдану сияқты қарапайым ережелерді сақтай білуі қажет.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз