Нұра өзенінен екі адамның мәйіті табылды

0
129

Нұра өзенінен сүңгуірлер әйел мен ер адамның денесін алып шықты деп хабарлады turkystan.kz.

18 маусым күні сағат 21:50-де Абай ауданы Самарқа ауылының маңында 1986 жылы туған әйел адам мен 1987 жылы туған ер адамның жоғалып кеткені туралы хабарлама келіп түскен. Туыстары олардың ауыл маңында қыдырып жүрген жерінен жоқ болып кеткенін айтып көмек сұраған.

Іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізу үшін Қарағанды облысының ТЖД күштері жұмылдырылды. 19 маусым күні сағат 15:25-те із-түзсіз жоғалған әйелдің денесін ТЖД-нің сүңгуірлері Нұра өзенінен тапты. Жоғалған екінші адамның денесі 20 маусым күні сағат 16:05-те іздеу жұмыстары басталған жерден 3,5 шақырым жерде Нұра өзенінен табылды. Өлімнің мән-жайы анықталуда.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ