Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Спорт

Нұрдос Сабыр ауыр атлетикадан әлем чемпионы атанды

Фото: Olympic.kz

Осы күндері ауыр атлетикадан Перудың астанасы Лима қаласында жасөспірімдер арасында өтіп жатқан әлем чемпионатында Қазақстан командасының өкілі Нұрдос Сабыр бірінші орынды жеңіп алды.

Ол , 89 келіге дейінгі салмақта қоссайыс қорытындысы бойынша 333 (148+185) келіні басынан асырып, үздік атанды.

Күміс медальді Валерик Мовсесян (Армения), қола жүлдені Бекзод Гофиржанов иеленді.

Нұдос Сабыр былтыр әлем чемпионатында екінші орынға ие болған еді.

Бұған дейін Перудегі әлем чемпионатында Ақжол Құрманбек 67 келіге дейінгі салмақта күміс медаль алды

Сәйкес жаңалықтар

Мадрид мастерс турнирінде Елена Рыбакина мен Юлия Путинцева бақ сынайды

Бұқаралық спортты дамыту қаланың халықаралық имиджін арттыруға ықпал етеді

Әлемге әйгілі балуандар елордада бас қосады