Өнердегі құрбысына «орамалың құтты болсын» деп айтып, елді ойландырып қойды.
Танымал әнші Ақбота Керімбекова актриса Айгүл Иманбаеваның жеке өміріндегі жаңалықтарын Instagram-дағы парақшасында айтып берді. Ол өнердегі құрбысына «орамалың құтты болсын» деп айтып, елді ойландырып қойды.
Айгөлегімді көптен көріп тұрғаным осы. Балалық шағымнан бірге өскен, ештеңеге айырбастамайтын жастық шағымыз бірге өткен құрбым құрлық асып білім алып, елге үлкен серпіліспен оралды. Жеке өміріндегі жаңалықтары да көп. Орамалың құтты болсын, ұлыңды аяқтандырдың, немере сүйіп, әже атандың. Ұлың қазір де үлкен жобалармен жұмыс жасап жатыр. Ұзағынан сүйіндірсін. Біздің үйдегі кіндік баласы Ақан Айгөлегіме ұқсаған еңбекқор, ізденімпаз. Жандарым, бәрі сәтті болсын, – деп жазды әнші.
Көпшілік Айгүл Иманабеваның тұрмысқа шыққанын болжап жазды.
«Күйеуге шығып жатыр ма?», «Орамалың құтты болсын дегені қалай сонда? Отбасын құрып жатыр ма?», «Керемет жаңалық. Бақытты болыңыз», «Әр әйел бақытты болуға лайықты. Орамалыңыз құтты болсын. Шын жүректен сіз үшін қуанып тұрмын. Әбден лайықсыз», – деп жазды көпшілік.