Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарСпорт

Назым Қызайбай Әлем кубогында топ жарып, алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Қытайдың Гуйань қаласында өткен World Boxing ұйымының Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалдық кездесуде қазақстандық спортшы Италия өкілі Сирин Шаарабимен қолғап түйістірді. Тартысты жекпе-жек қорытындысында төрешілер Назымның басымдығын мойындап, оған 4:1 есебімен жеңіс берді.

Осылайша, Назым Қызайбай турнирдің алтын жүлдесін иеленсе, Сирин Шаараби күміс медальға қол жеткізді.

Айта кетейік, Назым Қызайбай – бокстан үш дүркін әлем чемпионы. Ол 2014, 2016 және 2025 жылдары өткен әлем чемпионаттарында жеңімпаз атанған. Ал Сирин Шаарабидің еншісінде 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс және 2025 жылғы қола медальдары бар.

Сәйкес жаңалықтар

360 мыңнан астам зерттеу және 10 минутта диагноз: Астана медицинасына ЖИ енгізіліп жатыр

Абай облысында су тасқынына қарсы дайындық жұмыстары жүргізілуде

Даниядан Ақтөбеге 148 бас ірі қара жеткізілді