Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Сербияда өткен әлемдік Гимназиядада 1 орын иеленді

2025 жылғы 4–14 сәуір аралығында Сербияның Златибор қаласында өткен ISF U-15 Жазғы мектеп гимназиадасында Қазақстан құрамасы тарихи жетістікке қол жеткізді — жас спортшыларымыз 11 медаль жеңіп алып, рекорд орнатты. ISF U-15 — 13 пен 15 жас аралығындағы мектеп оқушыларына арналған әлемдегі ең ірі халықаралық спорттық дода.

Биылғы жарысқа 65-тен астам елден 3000-ға жуық қатысушы жиналды. Қазақстан құрамасының сапында ел намысын 23 оқушы қорғады. Олар республикалық іріктеуден өтіп, дзюдо, еркін күрес, бокс және шахмат секілді төрт спорт түрінен сынға түсті.

Бокс жарысында 46 кг салмақ дәрежесінде Қорғалжын ауданының А. Төлеубаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы, Қорғалжын спорт мектебінің бокс бөлімінің спортшысы Сайлауқазы Сымбат өнер көрсетіп, 1 орынды иеленіп қанжығасына байлады. Алдағы үлкен додаларда топ жарып, Олимп төрінде еліміздің байрағын желбіретеді деген үтімттеміз!

Жаттықтырушысы: Қаратаев Ернат.

Сәйкес жаңалықтар

«Елорда жастары»: Астана тұрғыны қалай баспаналы болды

Жеңіл жолмен пайда тапқысы келген алаяқ қылмыстық жауапқа тартылды

Жарықтандыру жұмыстары жүйелі түрде жүргізілуге тиіс