Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықЖаңалықтарМәдениетРуханият

«Таза Қазақстан»: ҚазҰУ-да қайта өңделген металдан жасалған арт-нысандар орнатылды

Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті кампусында арнайы символдық арт-нысандар орнатылды. Жоба жастар арасында экологиялық мәдениетті орнықтыруға, табиғатты аялау санасын қалыптастыруға және университет қалашығының эстетикалық келбетін байытуға бағытталған.

Студенттер жиі жиналатын орталық аумақта орналасқан әрбір арт-композиция белгілі бір идея мен университет құндылықтарын бейнелейді.

«Экотұлпар» композициясы – университет туын көкке көтерген тұлпар үстіндегі қыз мүсіні. Ол жас ұрпақтың білімге, инновацияға және көшбасшылыққа ұмтылысын білдіреді.

«Таза әлем» глобусы қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын, жаһандық экологиялық жауапкершілікті және табиғи тепе-теңдікті сақтауды бейнелейді.

«Кітаптар композициясы» ҚазҰУ-дың көпсалалы мәртебесін және университеттегі ғылыми-білім беру бағыттарының кең ауқымын көрсетеді.

Аталған арт-нысандар металл қалдықтары мен істен шыққан бөлшектерді қайта өңдеу арқылы құрастырылған. Бастама студенттерге «Таза Қазақстан» акциясының негізгі идеясын – қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу және ресурстарды үнемдеу қажеттігін нақты тәжірибеде көрсетеді.

Сәйкес жаңалықтар

Елімізде цифрлық сауда инфрақұрылымы, электрондық төлемдер мен логистикалық сервистер дамып келеді

Енді легионерлерге мемлекеттен қаржы бөлінбейді

Үкімет елге қайтарылған заңсыз шығарылған активтер есебінен әлеуметтік маңызды инфрақұрылым салу жөніндегі жобаларды іске асыруда