Оңтүстік Африкада кейінгі 10 жылда алғаш рет қар жауды

0
195

Билік Оңтүстік Африка елінде мұндай қар аралас аяздың соңғы жылдары болмағанын ескеріп, тұрғындарға жылы киінуге кеңес берді деп хабарлады inbusiness.kz сайты.

Шілде айы мұнда ең суық кезең – қыстық маусым деп саналады, бірақ, әдетте, қар жаумайтын.

Йоханнесбург тұрғындары қарлы көшелерге — олардың ендіктерінде сирек кездесетін көрініске таңдана қарап, тамсанғандары байқалады.

«Кейбір оқушыларды қармен жақынырақ танысуға алып шықтым, кейбіреулер қардың не екенін біледі, ал басқалары бұл жай ғана жаңбыр деп ойлаған», – деді бастауыш сынып мұғалімі Агнес Мидева.

Үй қызметкері Нобухоси Стомпи ВВС-ге қарлы жолмен жұмысқа бара жатқанын және мұндай нәрсені ешқашан көрмегенін айтты.

«Біздің үйлеріміз жылы, сондықтан бәрі жақсы», — деді қамқоршы Билли Нксумало. «Қар молынан жауып, айналамыз ақ кілеммен жабылғандай болды – өте әдемі көрініс».

Оңтүстік Африканың бірқатар провинцияларында қар жауды, соның ішінде Шығыс Кейп, Мпумаланга және Йоханнесбург пен Соуэто кіретін Гаутенг аймағы. Метеорологтар фермерлерге малға қолайлы жылы үй-жайларды табуға кеңес берді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ