Оқу-ағарту министрінің балалары қандай мектепте оқиды

0
69

фото:el.kz

Дүниежүзілік банк сарапшыларының Қазақстан оқушыларының сауатына қатысты дерегі – жауыр болған ақпарат. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

Бүгін Үкімет отырысынан кейін ұйымдастырылған брифингте БАҚ өкілдері министрден «Дүниежүзілік банк сарапшылары Қазақстандағы мектеп оқушыларының 64 пайызы функционалдық тұрғыда сауатсыз деген екен. Бұл пікірмен келісесіз бе? Білім сапасы мектептерде соншалықты нашар ма?» деп сұраған еді.

Министр мұндай тұжырыммен келіспейтінін қадап айтты.

«Жалпы, бұл пікірмен мүлде келіспеймін. Дүниежүзілік банктің айтып отырғаны — ескірген, жауыр болған ақпарат. 2018 жылдан бері келе жатқан дүниелер. Одан бері қаншама уақыт өтті, сапаны көтеру бағытында қаншама жұмыс атқарылып жатыр. Бұл туралы біз үнемі ашық айтып отырамыз. Оқушыларымыздың деңгейі осындай деген сөздің шындыққа жанаспайтынын айтқым келеді», — деді Ғани Бейсембаев.

Сонымен қатар ол балаларының үйге жақын мемлекеттік мектепте білім алатынын атап өтті.

«Қарапайым мектеп. Мұғалімдері де, оқу процесі де көңілімнен шығады. Қолым тигенде балаларымның сабағын қарап отырамын. Бағасын қадағалау үшін ғана емес, түсіндірген, оқыған сабақтарын жеткізуде жақсы қалыптасқан білімінің бар екенін байқадым», — деді министр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ