Оқушылар да шәкіртақы алады

0
135

Қызылорда облысындағы білім ошақтарының бірінде озат оқушыларға шәкіртақы берілуде.

Жалағаш ауданының Аламесек ауылдық округінде орналасқан №124 орта мектеп үлгілі балаларға осындай жағдай жасап отыр. Мектеп басшылығының игі бастамасын жергілікті кәсіпкерлер мен шаруашылық егелері қолдаусыз қалдырған жоқ.

Жеке кәсіпкер Әбдірасулла Әбдалиев, білім саласының ардагері, марқұм Әубәкір Орынбаев ағамыздың қызы Гүлбану Орынбаева қаржылай қолдау көрсетті. Соның арқасында бірнеше оқушы жыл басынан бері шәкіртақы алып келеді. Арамыздан басқа да жомарт азаматтар шығып, мұндай балалар қатары көбейе түсетінінен үміттіміз, – дейді мектеп директорының орынбасары Нәзира Ерімбетова.

Ауыл мектебінде отыздан астам озат оқушы бар. Сыныптастарының алды Аяу Еркін үшін шәкіртақының берілуі ерекше жаңалық болды.

Ақша үшін оқымайсың ғой. Бірақ бұл сонда да бізді кәдімгідей қанаттандырды. Білімге құштарлығымыз артты, – дейді ол.

Назерке САНИЯЗОВА

ПІКІР ҚАЛДЫРУ