Оқушының өмірінде оқу маңызды орын алады

0
29

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп Алматы қаласындағы №157 мектепте болды. Ол білім беруді дамыту, оқушылардың қауіпсіздігі, оларды буллингтен қорғау, сондай-ақ оқу орындарын заманауи технологиямен жабдықтау және білікті мамандарды тартудың негізгі мәселелерін оқу орнының басшылығымен және оқытушыларымен бірге талқылады.

«Оқушының өмірінде оқу маңызды орын алады, оның одан әрі дамуына негіз болатын білім беру негізін қалыптастырады. Мектеп – бұл жеке тұлғаның қалыптасуы басталатын орын және әрбір мұғалім мен психологқа өз миссиясын жүзеге асыру маңызды» деп атап өтті Нұртөре Жүсіп.

Депутат сондай-ақ мектептердегі қауіпсіздік шараларын күшейтуге назар аударды және жыл басында бұл мәселені Оқу-ағарту министрімен талқылағанын еске салды. Сондай-ақ нормативтік актілерді қайта қарау және сыртқы қауіптер мен қорқытып-үркітудің алдын алу үшін кешенді шаралар енгізу қажеттігін атап өтті.

Нұртөре Жүсіп жастар арасындағы лудомания, есірткі және киберқауіпсіздік сияқты әлеуметтік мәселелермен күрес жөніндегі мемлекет атқарған істер туралы айтып берді. Ол әлеуметтік проблемалардың алдын алуға және өскелең ұрпақты қорғауға бағытталған қабылданған заңның маңызына тоқталды.

Кездесу барысында педагогтар мен психологтардың біліктілігін арттыру, білім беру сапасын жақсарту, қауіп-қатерді болжаудың жаңа мүмкіндіктерін енгізу және білім беру жүйесін дамытуда маңызды басқа да тақырыптар туралы бірқатар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасты.

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ