Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Общество

Енді орта білім туралы аттестатты Egov Mobile қосымшасынан алуға болады

Фото: Halyq Uni

Енді орта білім туралы аттестатты Egov Mobile қосымшасынан алуға болады. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлады.

Цифрлық құжаттардың қатары негізгі орта және жалпы орта білім туралы аттестатпен толықты. Ол енді eGovMobile мобильді қосымшасындағы «Bilim» жаңа қызмет көрсету сервисінде қолжетімді, — делінген ақпаратта.

Құжатты цифрлық нұсқада алу үшін eGovMobile мобильді қосымшасындағы «Bilim» сервисіне өту керек. Кәмелетке толмаған балалардың құжаттарын ата-анасы немесе заңды өкілі «Менің балаларым» бөлімі арқылы алады.

Ал бір жыл бұрын қосымшада колледж дипломдары QR-код арқылы беріле бастаған еді.

Айта кетейік, елімізде 2023-2024 оқу жылын 820 703 оқушы тәмамдады. Оның ішінде 186 мың түлек мектеппен қоштасты. Биыл 34 аптаға созылған оқу жылы 25 мамырда аяқталды.

Сәйкес жаңалықтар

ЦИК ЗАРЕГИСТРИРОВАЛА ПАРТИЙНЫЙ СПИСОК КАЗАХСТАНСКОЙ ПАРТИИ ЗЕЛЁНЫХ «БАЙТАҚ»

От зерна до новых рынков: Казахстан становится продовольственным хабом Евразии

Аида Балаева: Новая Конституция не предусматривает сокращения социальных обязательств государства