Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Заң мен тәртіпМәдениет

Ойын-сауық мекемесінде әдепсіз сөздер айтып, тәртіп бұзған әзілкеш жазаланды

Фото: Pexels

 – Алматыдағы ойын-сауық орнындарының бірінде әдіпсіз сөздер айтып, тәртіп бұзған әзілкеш жазаланды, деп хабарлайды ҚР Жоғарғы сотының баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, әзілкешке ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігі бойынша ұсақ бұзақылық жасады деген айып тағылды.

Сот анықтағандай, айыпталушы ойын-сауық мекемесінде стендап көрсету кезінде жиналғандарға қатысты әдепсіз сөздер айтып, сол арқылы қоғамдық тәртіпті бұзған.

Айыпталушы өз кінәсін толық мойындап, іс материалдарында көрсетілген мән-жайларды растады.

«Сот айыпталушыны ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 15 тәулікке қамауға алу түріндегі әкімшілік жаза тағайындалды. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ»,-делінген хабарламада.

Сәйкес жаңалықтар

Сыр елінде даңқты қолбасшы Жалаңтөс Баһадүрдің 450 жылдығына арналған Республикалық ақындар айтысы өтті

zamandas69@mail.ru

Ұлы тұлғаларды дәріптеуден ұтарымыз көп

zamandas69@mail.ru

Көлігіне жалған нөмір таққан жүргізуші жауапқа тартылды