Олимпиада-2024: Әлішер Ерғали лицензия алды

0
28
Фото: olympic.kz

Қырғызстанның астанасы – Бішкекте Олимпиада жолдамасы үшін еркін күрестен өтіп жатқан Азия құрлығының лицензиялық турнирінде Әлішер Ерғали (97 кг салмақта) мен аса ауыр салмақтағы (125 кг) Юсуп Батырмурзаев Олимпиаданың жолдамасын жеңіп алды.

Әлішер Ерғали жартылай финалда қытайлық спортшы Абусайман Хабиладан айласын асырып, 3:2 есебімен, ал күндізгі сессияда Қырғызстанның чемпионы Андрей Ароновты айқын басымдықпен жеңді.

Қазір қазақ халқы қиын-қыстау кезеңді бастан кешіріп жатыр. Батыс, солтүстік өңірдегі халықтың бұл жеңіс кішкене де болса еңсесін көтереді деп ойлаймын.

Біз біргеміз деп айтқым келеді.

Ал белдесулерге келер болсам, қытайлық Хабиламен кездесетінімді білдім. Себебі, бізде рейтинг бар. Сол бойынша, ирандық балуанның басқа топқа түсетінін білдім.

Хабиланы осымен үшінші рет жеңдім. Екеуміз бір-біріміздіжһ жаттап алғанбыз. Көптен күткен лицензия қоржынға түсті. Өте қуаныштымын, – деді Әлішер Ерғали.

Енді бүгін бозкілемге әйелдер шығады. Одан кейін турнирді грек-рим күресінің шеберлері аяқтайды.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ