Домбыраның өзін Қытайдан сатып алып отырмыз – Жұлдыз Сүлейменова

0
45
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

 – Мәжілістің Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің отырысында депутат Жұлдыз Сүлейменова  Ұлттық статистика бюросына қолөнершілердің статистикасын жүргізуді ұсынды.

«Тағы бір көңілге қаяу түсіретіні, қолөнершілердің саны аз. Бірақ олардың да статистикасы керек. Мысалы, Қазақстанның қай өңірінде қамшы өретін қанша адам бар? Домбыра жасайтын қанша адам бар? Өткен жолы білім және мәдениет туралы заңды талқылаған кезде бізге Мәдениет министрлігінің өкілі домбыраны Қытайда сатып аламыз дегенді айтты. Былай қарағанда, өте жаның ауырады», – деді Жұлдыз Сүлейменова.

Сондай-ақ, ол мәдени бағдарламалардың қолөнермен байланысты нақты статистикасыз жасалып жатқанын мәселе етіп көтерді.

«Қанша адам домбыра жасайды, қанша адам қобыз жасайды, қанша адам қамшы өреді, қанша адам ер-тоқым жасайды, қанша адам тіпті сабын қайнатады? Оның бәрі өзіміздің ата дәстүріміз ғой. Соның бәрін білуіміз керек қой. Осындай деректер қажет. Өйткені рухани, идеологиялық бағдарламаларды бастап жатамыз. Бірақ соның түбінде нақты статистика тұрса, жақсы болар еді», – деді депутат.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ