Олимпиада медалін алуға бір қадам қалды – Әбиба Әбужақынова

0
47
Фото: instagram.com/jenysjudoclub

 – Қазақстандық дзюдошы Әбиба Әбужақынова 27 шілдеде Париж Олимпиадасындағы алғашқы белдесуін өткізеді. Дзюдошы ару дүбірлі додадағы белдесуі қарсаңында спорттағы алғашқы қадамы, өзін жетістікке жеткізген бапкерлері туралы айтып берді.

Әбиба Әбужақынованың айтуынша, дзюдоға 4 жасында келген. Спорттың бұл түрін өзі таңдаған. Ал, 2015 жылы Алматы спорт колледжіне оқуға түскен.

«Сол оқу орнында алғашқы жаттықтырушым Нұрбол Сүлейменовпен кездестім. Алғашқы бапкеріммен 9 жылдан бері жұмыс істеп келемін. Жаттықтырушымның кеңесімен үлкен жетістіктерге жеттім. Атырау облысының атынан күресуді 2019 жылы бастадым. Қазіргі жаттықтырушым Мейіржан Есмағамбетовтің жетістіктерге жетуіме көп көмегі тиді. Осы жаттықтырушыларымның еңбегінің нәтижесінде қазір әлемдік рейтингте үшінші орында тұрмын», -деді Әбиба Әбужақынова.

Ол – дзюдодан әлемдік, құрлықтық додаларда медаль иеленген алғашқы қазақ қызы. Әлем чемпионатында екі рет қола медальға ие болған. Азия чемпионатының екі дүркін күміс жүлдегері атанды. Азия ойындарынан да күміс медальға ие болған. Сондай-ақ, Grand Slam және Grand Prix турнирлерінің бірнеше дүркін жүлдегері атанған.

«Өзімнің бапкерлеріме ерекше алғысымды білдіремін. Олар маған әрқашан қолдау білдіреді. Әрқашан сенім артады. Мен елдің, бапкерлерімнің сенімін ақтау үшін күресемін. Енді маған Олимпиада медалін алуға бір қадам қалды», – деді Әбиба Әбужақынова.

Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырау облыстық Дзюдо федерациясының вице-президенті Әбиба Әбужақынованың Олимпиада жүлдесінің жолашары болуы мүмкін екенін айтқан еді.


Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 656

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 657

Notice: Trying to access array offset on value of type bool in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/single_core.php on line 658

ПІКІР ҚАЛДЫРУ