Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
ЖаңалықтарСпорт

Оралда волейболдан Қазақстан Кубогі өтіп жатыр

Орал қаласында волейболдан әйелдер командалары арасында Қазақстан Республикасының Кубогі басталды. Бұл дүбірлі додаға еліміздің әр өңірінен келген 8 командадан 120-ға жуық спортшы қатысуда.

Жарысқа қатысып жатқан командалар:

«Жайық» (Орал)

«Атырау-Жастары»

«Қайсар»

«Астана-2»

«Астана»

«Алматы»

«Атырау»

«Маңғыстау»

Турнирдің басты мақсаты – елімізде волейбол спортын дамыту, жастардың қызығушылығын арттыру және спорттық шеберлікті шыңдау. Сондай-ақ, мұндай жарыстар спортшыларға тәжірибе алмасып, кәсіби деңгейін көтеруге үлкен мүмкіндік береді.

Жергілікті жанкүйерлер үшін ерекше маңызға ие команда – «Жайық». Оралдық спортшылар өз алаңында өнер көрсетіп, бар күш-жігерін салуда.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыс жоғары деңгейде өткізіліп жатыр. Қатысушыларға барлық жағдай жасалған, ойындар көрермендерге тартысты әрі қызықты сәттер сыйлауда.

Қазақстан Кубогі 10 қыркүйек күні өз мәресіне жетеді. Сол күні жеңімпаз команда анықталып, кубок иегеріне табысталады.

Сәйкес жаңалықтар

Бектенов кәсіпкерлерді екі апта ішінде салық сомасын әділетті түрде төлеуге шақырды

Қазақстандықтарға үйіне кімнің тіркелгені туралы SMS келетін болады

zd_admin

Ұлттық креатив фестивалінің мақсаты – ел тұрғындары мен қонақтарына қатысушыларды таныстырып, креативті индустрияның дамуын қолдау