Қоржыны тоқ қаржы секторы
Қаржы секторының ішінде банк саласының шоқтығы биік. Десе де өзге салалардың да нарықтағы орны жыл санап айқындалып, әрі үлкен сұранысқа ие болып келе жатқанын жоққа шығара алмаймыз. 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторында 21 екінші деңгейдегі банк бар, оның 12-сі шетелдің қатысуымен, оның ішінде 8-і – еншілес банк. 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша банк секторының активтері 0,4%-ға немесе 184 млрд теңгеге азайып, 44,8 трлн теңге болды (жыл басынан бері 0,6%-ға немесе 0,3 трлн теңгеге өсу). Бұған өтімді активтердің 3,6%-ға немесе 697 млрд теңгеге кемуі әсер еткен.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, өтімділігі жоғары активтер 13,5 трлн теңге немесе активтердің 30,2%-ы, бұл банктерге клиенттер алдындағы өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. 2023 жылғы сәуірде екінші деңгейдегі банктерден экономикаға берілген кредит 2,5%-ға, 23,7 трлн теңгеге дейін өсті (жыл басынан бері 4,1%-ға өсу). Ұлттық валютадағы кредиттер 2,6%-ға, 22 трлн теңгеге дейін артты, шетел валютасындағы кредиттер 1,35%-ға, 1,7 трлн теңгеге дейін, оның ішінде қайта бағалау есебінен 0,4%-ға артыпты.
«Сәуір айында корпоративтік несиелердің өсімі жеке тұлғаларға берілген несиелердің өсімінен асып түсті. Осылайша, заңды тұлғаларға берілген кредиттер 2023 жылғы сәуірде 3,3%-ға, 8,8 трлн теңгеге дейін артты (жыл басынан бері 1,7%-ға өсу). Жеке кәсіпкерлерді қоса алғанда, бизнес субъектілеріне берілген жиынтық кредит 2023 жылғы сәуірде 3,4%-ға, 9,9 трлн теңгеге дейін өсті (2023 жылдың басынан бері 2,9%-ға өсу). Шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектілеріне қарыздар 5,1%-ға, 6,3 трлн теңгеге дейін өсті (2023 жылдың басынан бері 5,2%-ға өсу), ірі бизнеске берілген қарыздар 0,5%-ға, 3,6 трлн теңгеге дейін артты (2023 жылдың басынан бері 0,9%-ға кему)», делінген агенттік дерегінде.
Биыл сәуірде бизнес субъектілеріне 1,3 трлн теңге сомасына жаңа қарыздар берілген, бұл 2023 жылғы наурызбен (1 143 млрд теңге) салыстырғанда 16,1%-ға артық. Жеке тұлғаларға берілген кредиттер тұтынушылық қарыздардың 2,0%-ға, 8,1 трлн теңгеге дейін және ипотекалық қарыздардың 1,3%-ға, 4,9 трлн теңгеге дейін өсуі есебінен 2023 жылғы сәуірде 14,9 трлн теңге болып, 2,1%-ға артыпты (2023 жылдың басынан бері 5,5%-ға өсу).
Несие портфелінің сапасы тұрақты екенін де айта кетейік. Берешек мерзімінің өтуі 90 күннен асқан қарыздар деңгейі (NPL 90+) несие портфелінің 3,5%-ы немесе 889 млрд теңге (2023 жылғы 1 қаңтарда – 3,4% немесе 815 млрд теңге). ШОБ есепке алғанда заңды тұлғалар портфелінде NPL90+ деңгейі – 3,1% немесе 341 млрд теңге, жеке тұлғалар портфелінде – 4,0% немесе 549 млрд теңге.
«Сәуірде банктердің меншік капиталы 3,6%-ға, 5,9 трлн теңгеге дейін өсті (2023 жылдың басынан бері 12,7%-ға өсті). Негізгі капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к1) 19,8%, меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті (к2) 22,7%, бұл заңнамада белгіленген нормативтерден едәуір асып түседі және банк секторындағы әлеуетті тәуекелдерді өтеуді қамтамасыз етеді. Ұлттық валютадағы депозиттер 2023 жылғы сәуірде 0,7%-ға, 21,4 трлн теңгеге дейін, шетел валютасындағы депозиттер 2,9%-ға, 8,9 трлн теңгеге дейін азайды. Нәтижесінде долларлану деңгейі төмендеді және 2023 жылғы 1 мамырда 29,3% болды (2023 жылдың басында – 31,6%), бұл 2007 жылдан бергі ең төмен мән», деп түсіндіреді агенттік.
Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (МҚҚЖҰ) активтері 2023 жылғы I тоқсанда 7,1%-ға немесе 149 млрд теңгеге (2022 жылғы өсу – 34,4%) өсіп, 2023 жылғы 1 сәуірде 2,3 трлн теңге болды. Активтердің артуы микроқаржы ұйымдары кредиттік портфельдің өсуіне байланысты. МҚҚЖҰ құрылымында активтердің ең көп бөлігі микроқаржы ұйымдарына – 1 194 млрд теңге немесе 52,8%, кредиттік серіктестіктер – 792 млрд теңге немесе 35,0%, ломбардтар – 274 млрд теңге немесе 12,1% тиесілі.
«МҚҚЖҰ-ның несие портфелі I тоқсанда 4,2%-ға 2,2 трлн теңгеге дейін өсті (2022 жылғы өсу – 50,9%). Заңды тұлғаларға берілген қарыздар 2023 жылғы I тоқсанда 1,2%-ға, 741 млрд теңгеге дейін артты (2022 жылғы өсу – 112,8%). Жеке тұлғаларға берілген қарыздардың көлемі I тоқсанда 4,6%-ға артып, 2023 жылғы 1 сәуірде 1,2 трлн теңге болды (2022 жылғы өсу – 30,8%). Жеке кәсіпкерлерге берілген қарыздар 12,1%-ға, 256 млрд теңгеге дейін өсті (2022 жылғы өсу – 30,4%)», делінеді агенттік ұсынған шолуда.
Нарықтың бұл сегментінде де портфель сапасының жақсаруы айқын байқалады. 90 күннен астам мерзімі өткен (NPL90+) қарыздардың деңгейі 2023 жылғы 1 сәуірде 3,2% болды (01.01.2023ж. – 3,6%). Жеке тұлғалардың портфелінде бұл көрсеткіш – 4,6% (01.01.2023ж. – 6,2%). МҚҚЖҰ-ның міндеттемелері 8,4%-ға, 1,6 трлн теңгеге дейін өсті (2022 жылғы өсу – 47,3%). Қорландыру құрылымындағы негізгі үлес алынған қарыздарға тиесілі болады, олардың үлесі жиынтық міндеттемелердің 82,8%-ы немесе 1,3 трлн теңге.
Ерекше бедел мен сұранысқа ие болып келе жатқан сектор – бағалы қағаздар нарығы. Агенттік ұсынған ақпарға сүйенсек, қор нарығын капиталдандыру сәуір айында 1,4 трлн теңгеге немесе 3,9%-ға артып, 36,2 трлн теңге болды (2023 жылдың басынан бастап – 1,7%-ға өсу). Акциялар нарығын капиталдандыру 5,7%-ға немесе 1,2 трлн теңгеге, 22,8 трлн теңгеге дейін өсті (2023 жылдың басынан бастап – 7,7%-ға өсу). 2023 жылғы сәуірде KASE индексі 3 559,9 тармаққа дейін 6,2%-ға өсіпті.
2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) сауда тізімдерінде 88 эмитенттің 102 акциясы болды. Биылғы сәуірде акциялармен сауда-саттық көлемі бір айда 166,3%-ға немесе 26,3 млрд теңгеге артып, 42,1 млрд теңге болды. Корпоративтік облигациялар нарығы 2023 жылғы сәуірде 0,9%-ға немесе 122,5 млрд теңгеге, 13,4 трлн теңгеге дейін артыпты (2023 жылдың басынан бастап – 7,2%-ға кему).
«KASE сауда-саттық тізімдерінде 89 эмитенттің корпоративтік облигацияларының 363 шығарылымы болды. «KASE Global» секторында 44 акция атауы мен шетелдік эмитенттердің 12 ETF болды. 2023 жылғы сәуірде «KASE Global» секторындағы сауда-саттық көлемі өткен аймен салыстырғанда 30,0%-ға немесе 0,5 млрд теңгеге азайып, 1,2 млрд теңге болды. KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыш 2023 жылғы сәуірде 2%-ға немесе 0,4 трлн теңгеге 23,2 трлн теңгеге дейін өсті», дейді агенттік.
2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша ұжымдық инвестициялар нарығында 45 инвестициялық пай қоры жұмыс істеді, оның ішінде 24 аралық, 20 жабық және 1 ашық пай қоры. Ұжымдық инвестициялар нарығында басқарудағы активтер негізінен Қазақстан эмитенттерінің мемлекеттік емес бағалы қағаздар портфелінің кемуі есебінен ағымдағы жылдың сәуірінде 2,3 млрд теңгеге немесе 0,8%-ға азайып, 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 284,7 млрд теңге.
Бағалы қағаздар нарығының институционалдық құрылымында 39 брокер мен дилер (16 банк және 23 банктік емес ұйым), 10 кастодиан банк, 20 инвестициялық портфельді басқарушы, 3 трансфер-агент, сондай-ақ 2 инфрақұрылымдық ұйым: KASE және бірыңғай тіркеуші және сауда репозиторийі функцияларын орындайтын Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі жұмыс істейді. Бұдан басқа, КASE негізінде орталық контрагент жұмыс істейді.
«Сәуірде инвесторлар санының өсуі жалғасты. Депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттарының саны 682 778 қосалқы шотқа дейін 3 266-ға немесе 0,5%-ға өсті (2023 жылдың басынан бері 24,1%-ға немесе 132,6 мың қосалқы шотқа өсу).
Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың активтері осы жылғы сәуірде 11,4%-ға артып 668,9 млрд теңге болды», деп мәлімдейді агенттік.
Ал отандық сақтандыру секторында 26 сақтандыру ұйымы жұмыс істейді. Оның 10-ы – өмірді сақтандырумен айналысатын компаниялар. Сәуірдің қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының активтері негізінен сақтандыру қызметі бойынша кірістердің өсуі нәтижесінде 3%-ға, 2,3 трлн теңгеге дейін артты (2023 жылдың басынан бері 9,7%-ға өсу). Активтер құрылымында ең көп үлес бағалы қағаздарға – 70,2% (1,6 трлн теңге), екінші деңгейдегі банктердегі ақшалай қаражат пен салымдарға – 6,9% (156 млрд теңге), сақтандыру дебиторлық берешекке 5,1% (115 млрд теңге) тиесілі.
2023 жылғы сәуірде сақтандыру нарығы бойынша таза пайда 21,3 млрд теңге болды (2023 жылдың басынан бері – 67,1 млрд теңге). Жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 1 342 мың болды, бұл 2023 жылғы наурызбен салыстырғанда 8,2%-ға көп. Жыл басынан бері жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 4 615 мың, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 30,6%-ға артық екен.
Негізгі өсім жазатайым оқиғалардан сақтандыру (105,4%-ға немесе 467 мың шарт) және көлік құралы иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру (22,6%-ға немесе 383 мың шарт) бойынша шарттарға тиесілі.
Сақтандыру (қайта сақтандыру) шарттары бойынша қабылданған сақтандыру сыйлықақылары – 84,2 млрд теңге. Сақтандыру сыйлықақылары 2023 жылғы 4 айда барлығы 322,5 млрд теңге, бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 18,0%-ға көп.
«Міндетті сақтандыру бойынша жылдың басынан бері 59,3 млрд теңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 31,5%-ға көп. Арту, негізінен, қызметкерді жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы заң шеңберінде жүзеге асырылатын ерікті жеке аннуитеттік сақтандыра отырып, сақтандырудың аталған сыныбын біріктіруді ескере отырып, қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру бойынша болды (54,9%-ға немесе 8,2 млрд теңгеге өсу). Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтандыру сыйлықақыларының көлемі 2023 жылғы 4 айда 92,9 млрд теңге, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,5%-ға аз. Азаю қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды, қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру туралы заң шеңберінде жүзеге асы-
рылатын жеке аннуитеттік сақтандырумен бірігуіне байланысты», делінеді агенттік ақпаратында.
Абай АЙМАҒАМБЕТ