Қоржыны тоқ қаржы секторы

0
83

Қаржы секторының ішінде банк саласының шоқтығы биік. Десе де өзге салалардың да нарықтағы орны жыл санап айқындалып, әрі үлкен сұранысқа ие болып келе жатқанын жоққа шығара алмаймыз. 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша Қазақстан Респуб­ликасының банк секторында 21 екінші деңгейдегі банк бар, оның 12-сі шетелдің қатысуымен, оның ішінде 8-і – еншілес банк. 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша банк секторының активтері 0,4%-ға немесе 184 млрд теңгеге азайып, 44,8 трлн теңге болды (жыл басынан бері 0,6%-ға немесе 0,3 трлн теңгеге өсу). Бұған өтімді активтердің 3,6%-ға немесе 697 млрд теңгеге кемуі әсер еткен.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, өтімділігі жоғары актив­тер 13,5 трлн теңге немесе актив­тердің 30,2%-ы, бұл банктерге клиенттер алдындағы өз міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. 2023 жылғы сәуірде екінші деңгейдегі банктерден экономикаға берілген кредит 2,5%-ға, 23,7 трлн теңгеге дейін өсті (жыл басынан бері 4,1%-ға өсу). Ұлттық валютадағы кредиттер 2,6%-ға, 22 трлн теңгеге дейін артты, шетел валютасындағы кредиттер 1,35%-ға, 1,7 трлн теңгеге дейін, оның ішінде қайта бағалау есебінен 0,4%-ға артыпты.

«Сәуір айында корпоративтік несиелердің өсімі жеке тұлғаларға берілген несиелердің өсімінен асып түсті. Осылайша, заңды тұл­ға­ларға берілген кредиттер 2023 жылғы сәуірде 3,3%-ға, 8,8 трлн теңгеге дейін артты (жыл басынан бері 1,7%-ға өсу). Жеке кәсіпкерлерді қоса алғанда, бизнес субъектілеріне берілген жиынтық кредит 2023 жылғы сәуірде 3,4%-ға, 9,9 трлн теңгеге дейін өсті (2023 жылдың басынан бері 2,9%-ға өсу). Шағын және орта бизнес (ШОБ) субъектілеріне қарыздар 5,1%-ға, 6,3 трлн теңгеге дейін өсті (2023 жылдың басынан бері 5,2%-ға өсу), ірі бизнеске берілген қарыздар 0,5%-ға, 3,6 трлн теңгеге дейін артты (2023 жылдың басынан бері 0,9%-ға кему)», делінген агенттік дерегінде.

Биыл сәуірде бизнес субъекті­леріне 1,3 трлн теңге сомасына жаңа қарыздар берілген, бұл 2023 жылғы наурызбен (1 143 млрд теңге) салыстырғанда 16,1%-ға артық. Жеке тұлғаларға беріл­ген кредиттер тұтынушылық қа­рыз­дар­дың 2,0%-ға, 8,1 трлн тең­геге дейін және ипотекалық қарыз­дардың 1,3%-ға, 4,9 трлн теңгеге дейін өсуі есебінен 2023 жылғы сәуірде 14,9 трлн теңге болып, 2,1%-ға артыпты (2023 жылдың басынан бері 5,5%-ға өсу).

Несие портфелінің сапасы тұрақ­ты екенін де айта кетейік. Бере­шек мерзімінің өтуі 90 күннен асқан қарыздар деңгейі (NPL 90+) несие портфелінің 3,5%-ы немесе 889 млрд теңге (2023 жылғы 1 қаң­­тарда – 3,4% немесе 815 млрд тең­­ге). ШОБ есепке алған­да заңды тұл­ғалар портфе­лінде NPL90+ деңгейі – 3,1% неме­се 341 млрд теңге, жеке тұлғалар порт­фелінде – 4,0% немесе 549 млрд теңге.

«Сәуірде банктердің меншік капиталы 3,6%-ға, 5,9 трлн тең­геге дейін өсті (2023 жылдың басы­нан бері 12,7%-ға өсті). Негізгі капи­талдың жеткіліктілік коэф­фи­циенті (к1) 19,8%, меншік­ті капи­талдың жеткіліктілік коэф­фи­циенті (к2) 22,7%, бұл заңнамада белгіленген норма­тив­­­терден едәуір асып түседі жә­не банк секторындағы әлеуетті тәуе­­кел­дерді өтеуді қамтамасыз етеді. Ұлттық валютадағы депозит­тер 2023 жылғы сәуірде 0,7%-ға, 21,4 трлн теңгеге дейін, шетел валютасындағы депозиттер 2,9%-ға, 8,9 трлн теңгеге дейін азайды. Нәтижесінде долларлану деңгейі төмендеді және 2023 жылғы 1 мамырда 29,3% болды (2023 жылдың басында – 31,6%), бұл 2007 жылдан бергі ең төмен мән», деп түсіндіреді агенттік.

Микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (МҚҚЖҰ) активтері 2023 жылғы I тоқсанда 7,1%-ға немесе 149 млрд теңгеге (2022 жылғы өсу – 34,4%) өсіп, 2023 жылғы 1 сәуір­де 2,3 трлн теңге болды. Ак­­тив­­­тердің артуы микроқаржы ұйым­­­дары кре­­дит­тік портфельдің өсуіне бай­ла­нысты. МҚҚЖҰ құрылы­мын­да активтердің ең көп бөлігі микро­қаржы ұйымдарына – 1 194 млрд теңге немесе 52,8%, кредиттік се­рік­­тестіктер – 792 млрд теңге не­­месе 35,0%, ломбардтар – 274 млрд теңге немесе 12,1% тиесілі.

«МҚҚЖҰ-ның несие портфелі I тоқсанда 4,2%-ға 2,2 трлн теңгеге дейін өсті (2022 жылғы өсу – 50,9%). Заңды тұлғаларға берілген қа­рыздар 2023 жылғы I тоқсанда 1,2%-ға, 741 млрд теңгеге дейін артты (2022 жылғы өсу – 112,8%). Жеке тұлғаларға берілген қарыз­дардың көлемі I тоқсанда 4,6%-ға артып, 2023 жылғы 1 сәуір­де 1,2 трлн теңге болды (2022 жылғы өсу – 30,8%). Жеке кәсіпкерлерге берілген қарыздар 12,1%-ға, 256 млрд теңгеге дейін өсті (2022 жылғы өсу – 30,4%)», делінеді агенттік ұсынған шолуда.

Нарықтың бұл сегментінде де портфель сапасының жақсаруы айқын байқалады. 90 күннен астам мерзімі өткен (NPL90+) қарыз­дардың деңгейі 2023 жылғы 1 сәуірде 3,2% болды (01.01.2023ж. – 3,6%). Жеке тұлғалардың портфе­­лінде бұл көрсеткіш – 4,6% (01.01.2023ж. – 6,2%). МҚҚЖҰ-ның мін­деттемелері 8,4%-ға, 1,6 трлн тең­геге дейін өсті (2022 жыл­ғы өсу – 47,3%). Қорландыру құры­лы­мындағы негізгі үлес алын­ған қарыздарға тиесілі болады, олар­дың үлесі жиынтық міндетте­мелер­дің 82,8%-ы немесе 1,3 трлн теңге.

Ерекше бедел мен сұранысқа ие болып келе жатқан сектор – бағалы қағаздар нарығы. Агенттік ұсынған ақпарға сүйенсек, қор нарығын капиталдандыру сәуір айын­да 1,4 трлн теңгеге немесе 3,9%-ға артып, 36,2 трлн теңге болды (2023 жылдың басынан бастап – 1,7%-ға өсу). Акциялар нарығын капиталдандыру 5,7%-ға немесе 1,2 трлн теңгеге, 22,8 трлн теңгеге дейін өсті (2023 жылдың басынан бастап – 7,7%-ға өсу). 2023 жылғы сәуірде KASE индексі 3 559,9 тармаққа дейін 6,2%-ға өсіпті.

2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша «Қазақстан қор биржасы» АҚ (KASE) сауда тізім­дерінде 88 эмитенттің 102 акциясы болды. Биылғы сәуірде акциялармен сауда-саттық көлемі бір айда 166,3%-ға немесе 26,3 млрд теңгеге артып, 42,1 млрд теңге болды. Корпоративтік облигация­лар нарығы 2023 жылғы сәуірде 0,9%-ға немесе 122,5 млрд теңгеге, 13,4 трлн теңгеге дейін артыпты (2023 жылдың басынан бастап – 7,2%-ға кему).

«KASE сауда-саттық тізімде­рінде 89 эмитенттің корпоративтік облигацияла­рының 363 шығары­лымы болды. «KASE Global» сек­торында 44 акция атауы мен шетелдік эмитенттердің 12 ETF болды. 2023 жылғы сәуірде «KASE Global» секторындағы сауда-­саттық көлемі өткен аймен салыс­тырғанда 30,0%-ға немесе 0,5 млрд теңгеге азайып, 1,2 млрд теңге болды. KASE-де саудаланатын мемлекеттік борыш 2023 жылғы сәуірде 2%-ға немесе 0,4 трлн теңгеге 23,2 трлн теңгеге дейін өсті», дейді агенттік.

2023 жылғы 1 мамырдағы жағ­­дай бойынша ұжымдық ин­­вес­­тициялар нарығында 45 инвес­­ти­ция­лық пай қоры жұмыс істе­ді, оның ішінде 24 аралық, 20 жабық және 1 ашық пай қоры. Ұжымдық инвестициялар нары­ғында басқа­рудағы активтер не­гізінен Қазақстан эмитенттерінің мемле­кеттік емес бағалы қағаздар портфе­лінің кемуі есебінен ағым­дағы жылдың сәуірінде 2,3 млрд теңгеге немесе 0,8%-ға азайып, 2023 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша 284,7 млрд теңге.

Бағалы қағаздар нарығының институ­ционалдық құрылымында 39 брокер мен дилер (16 банк және 23 банктік емес ұйым), 10 кастодиан банк, 20 инвестициялық портфельді басқарушы, 3 транс­фер-агент, сондай-ақ 2 инфра­құрылымдық ұйым: KASE және бірыңғай тіркеуші және сауда репозиторийі функцияларын орындайтын Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі жұмыс іс­тей­ді. Бұдан басқа, КASE негізінде орталық контрагент жұмыс істейді.

«Сәуірде инвесторлар саны­ның өсуі жалғасты. Депоненттер клиенттерінің қосалқы шоттары­ның саны 682 778 қосалқы шотқа дейін 3 266-ға немесе 0,5%-ға өсті (2023 жылдың басынан бері 24,1%-ға немесе 132,6 мың қосалқы шотқа өсу).

Бағалы қағаздар нарығына кә­сіби қатысушылардың активтері осы жылғы сәуірде 11,4%-ға артып 668,9 млрд теңге болды», деп мәлімдейді агенттік.

Ал отандық сақтандыру секторында 26 сақтандыру ұйымы жұмыс істейді. Оның 10-ы – өмірді сақтандырумен айналысатын компаниялар. Сәуірдің қорытындысы бойынша сақтандыру (қайта сақ­тан­дыру) ұйымдарының актив­тері негізінен сақтандыру қызме­ті бойын­ша кірістердің өсуі нәтиже­сінде 3%-ға, 2,3 трлн теңгеге дейін артты (2023 жылдың басынан бері 9,7%-ға өсу). Активтер құры­лымында ең көп үлес бағалы қағаз­дарға – 70,2% (1,6 трлн теңге), екін­ші деңгейдегі банктердегі ақша­­лай қаражат пен салымдарға – 6,9% (156 млрд теңге), сақтандыру дебиторлық берешекке 5,1% (115 млрд теңге) тиесілі.

2023 жылғы сәуірде сақтан­дыру нарығы бойынша таза пайда 21,3 млрд теңге болды (2023 жылдың басынан бері – 67,1 млрд теңге). Жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 1 342 мың болды, бұл 2023 жылғы наурызбен салыстырғанда 8,2%-ға көп. Жыл басынан бері жеке және заңды тұлғалар бойынша жасалған сақтандыру шарттарының саны 4 615 мың, бұл 2022 жылдың ұқсас кезеңі­мен салыстырғанда 30,6%-ға артық екен.

Негізгі өсім жазатайым оқиға­лардан сақтандыру (105,4%-ға немесе 467 мың шарт) және көлік құралы иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақ­тандыру (22,6%-ға немесе 383 мың шарт) бойынша шарттарға тиесілі.

Сақтандыру (қайта сақтан­дыру) шарттары бойынша қабыл­данған сақтандыру сыйлық­ақы­лары – 84,2 млрд теңге. Сақтан­дыру сыйлықақылары 2023 жылғы 4 айда барлығы 322,5 млрд теңге, бұл 2022 жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда 18,0%-ға көп.

«Міндетті сақтандыру бойын­ша жылдың басынан бері 59,3 млрд теңге сомаға сақтандыру сыйлықақылары жиналды, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 31,5%-ға көп. Арту, негізінен, қызметкерді жа­за­тайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру туралы заң шеңберінде жүзеге асырылатын ерікті жеке аннуитеттік сақтандыра отырып, сақтандырудың аталған сыныбын біріктіруді ескере отырып, қызметкерді жазатайым оқи­ғалардан міндетті сақтандыру бойын­ша болды (54,9%-ға немесе 8,2 млрд теңгеге өсу). Ерікті жеке сақтандыру бойынша сақтан­дыру сыйлықақыларының көлемі 2023 жылғы 4 айда 92,9 млрд теңге, бұл өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 0,5%-ға аз. Азаю қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтан­ды­ру­ды, қызметкерді жазатайым оқи­ғалардан міндетті сақтандыру туралы заң шеңбе­рінде жүзеге асы-
рылатын жеке аннуи­теттік сақтан­дырумен бірі­гуіне байланысты», делінеді агенттік ақпа­ратында.

Абай АЙМАҒАМБЕТ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ