Қостанайда полицияны пышақтаған 33 жастағы адамды ұстады

Полиция 33 жастағы Қостанай қаласының тұрғынын, яғни, полиция қызметкеріне пышақ жарақатын салған, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру қылмысына күдікті азаматты ұстады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Аталған факті бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 106-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.










