«ОТАНДЫ СҮЮ – ЖҮРЕКТЕН» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫ МАРАПАТТАУ РӘСІМІ

Ағымдағы жылдың 15 желтоқсан күні, «Роза Бағланова атындағы «Қазақконцерт» камералық залында, Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында елдік рухты ұлықтаған маңызды мәдени оқиғалардың бірі — «Отанды сүю – жүректен» республикалық байқауының қорытынды марапаттау рәсімі өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұйымдастыруымен жоғары деңгейде өткізілді.
Бұл байқау – отансүйгіштік ұғымын ұран деңгейінде қалдырмай, оны нақты шығармашылық әрекетке айналдырған кең ауқымды жоба. Азаматтық бірегейлікті нығайту, ұлттық құндылықтарды заманауи форматта насихаттау және қоғамдағы белсенді шығармашылық бастамаларды қолдау — байқаудың басты мақсатына айналды.
Байқауға Қазақстанның 17 облысы мен 3 мегаполисінен келген қатысушылар өз ойы мен көзқарасын өнер тілі арқылы жеткізді. Эссе, бейнежұмыс, сахналық қойылым, поэзия мен заманауи мультимедиа форматтарындағы жұмыстар ел тәуелсіздігі, халық бірлігі және Отанға деген шынайы сүйіспеншілік тақырыптарын терең аша білді.
Мемлекеттік рәміздердің маңызын заманауи бейне тілінде көрсете білген қатысушылар «Рәміздерім – мақтанышым» номинациясы бойынша марапатталды.
- III орын – Нұрланбек Аружан Нұржанқызы
- II орын – Нұрқасым Дамир Айдынұлы
- I орын – Серік Елнұр Бақытжанұлы
Ал көркем ой мен азаматтық ұстанымды тоғыстырған шығармашылық жұмыстар «Елдіктің асқақ айбыны» номинациясында жоғары бағаланды.
- III орын – Бахатай Жанна Аманғалиқызы
- III орын – Бисекенова Айдана Жанболатовна
- III орын – Полатова Айнура Жумабекқызы
- II орын – Оспанова Айгерим Маратовна
- II орын – Файзолла Алпамыс Бауыржанұлы
- I орын – Бимердинова Арайлым Жолдасбекқызы
Жеңімпаздарға дипломдар, естелік сыйлықтар мен гүл шоқтары табысталып, салтанатты рәсім мерекелік концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Кеш барысында Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияның әртістері өнер көрсетіп, отансүйгіштік пен ұлттық рухты асқақтататын вокалдық, аспаптық және хореографиялық туындыларды ұсынды.
Шара тәуелсіз елдің рухани қуатын, шығармашылық әлеуетін және мәдени сабақтастығын айқындаған тағылымды мәдени алаңға айналды.







