«Отбасым – мақтанышым» акциясына 1 миллионнан астам ата-ана қатысады

0
185

Еліміздің мектептерінде отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді қолдау және мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақатастықты нығайтуға бағытталған «Отбасым – мақтанышым» тақырыбында кең ауқымды акция басталды, деп хабарлайды ҚР Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі.

Акция 12-16 қыркүйек аралығында барлық орта білім беру ұйымдарында өтеді және оған 1 миллионнан астам ата-ана қатысады деп күтілуде. Жоба аясында 10 мыңнан астам ауқымды іс-шара өткізу жоспарлануда.

Басты басымдық балаларды оқыту мен тәрбиелеуде отбасы мен мектептің өзара ынтымақтастығын күшейту, позитивті ата-ана мәдениетін дамыту және балалардың үйлесімді дамуы үшін білім беру мекемелерінде қолайлы орта қалыптастыру болып табылады.

«Бір апта ішінде еліміздің білім беру мекемелері шығармашылық конкурстар, шеберлік сыныптарын, отбасылық тақырыптық ойындар және тағы басқа ауқымды іс-шаралар бағдарламасын өткізеді. Мектеп психологтары мен педагогтер бала мен ата-ананың өзара қарым-қатынасын жақсарту үшін интерактивті тренингтер өткізеді. Акция отбасылық және ұлттық дәстүрлерге арналған ауқымды мерекемен қорытындыланады», – дейді «Өркен» БӘАҰҒПИ-ның бірінші вице-президенті Елена Сакенова.

«Отбасым – мақтанышым» акциясы «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында құрылған мектептердегі Ата-аналарға педагогикалық қолдау көрсету орталықтарының ұйымдастыруымен өткізіледі.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ