Пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактісі анықталды

0
35

ҚР АШМ ЖРБК Жамбыл облысының Жер ресурстарын басқару департаменті жүргізген мемлекеттік бақылау нәтижелері бойынша ЖШС-нің бірі кең таралған пайдалы қазбаларды (карьерлерді) өндіру үшін ауданы 3,7 га жер учаскесін өз бетінше пайдаланғаны анықталды.

Осы қызметтің нәтижесінде құнарлы топырақ қабаты жойылды, бұл ҚР Жер заңнамасының бұзылуына әкеп соқтырды.

Анықталған құқық бұзушылық фактілері бойынша «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» ҚР Кодексінің 136 және 337-баптарына сәйкес заңды тұлғаға қатысты әкімшілік айыппұл салынды.

Бұдан басқа, департамент жол берілген құқық бұзушылықты жою бойынша орындалуы міндетті нұсқама берді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ