Полиция Қонаевтағы бойжеткеннің өліміне қатысты мәлімдеме жасады

0
124
фото: Halyq Uni
Марқұмның есімі – Жаннұр, ол небәрі 18 жаста болатын

Қонаев қаласында студент бойжеткеннің өліміне қатысты Алматы облысының полиция департаменті мәлімдеме жасады.

Ведомство мәліметінше, Алматы қаласының полициясына Алматы облысының аумағындағы кісі өлімі туралы хабарлама 21 наурызда түскен.

Бұл ақпаратты біз дереу тексеріп, нәтижесінде 2006 жылы туған қызды өлтіру дерегі расталды. Қонаев қаласының полициясында кісі өлтіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция қызметкерлері 2001 және 2003 жылы туған екі күдікті адамды анықтап, ұстады, – деді Алматы облысының ПД бастығы Бауыржан Әленов.

Тергеу барысында күдіктілердің 15 наурызға қараған түні жас қызды Қонаев қаласының шетінде орналасқан адам жүрмейтін жерге апарып өлтіргені анықталды.

Тергеу әрекеттерінің нәтижесінде қызды 2 адамның өлтіргені анықталды және олардың қамауға алынғанын хабарлаймыз. ҚР ҚПК талаптарына сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысы туралы өзге ақпарат жариялауға жатпайды, – деді Бауыржан Әленов.

Алайда қыздың туыстарының айтуынша, өлімге күдіктілер – 4 адам. Олардың жасы – 18-21 аралығында. Екеуі ұсталғанмен, қалған екеуі бостандықта жүрген көрінеді.

Айта кетейік, марқұмның есімі – Жаннұр, ол небәрі 18 жаста болатын, колледжде аспазшы мамандығы бойынша оқып жүрген.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ