Президент Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды, деп хабарлады Halyq Uni тілшісі.
Сапар аясында президент облыстың экономикалық даму барысымен және іске асырылып жатқан инвестициялық жобаларымен танысады.
Сондай-ақ өңірдегі бірқатар әлеуметтік-мәдени нысанды аралап көреді деп жоспарланып отыр.