Израиль ХАМАС-тың 800 туннеліне Жерорта теңізінің суын толтырырмақ

0
212
фото: montrealex.livejournal.com

Израиль биілігі ХАМАС-ты бітімгерлік шарттарын бұзып, Израиль территориясын бомбалады деп айыптады. Содан бері Израиль әскері Газаның оңтүсітігіне жетті.

Айта кетсек, Израиль мен ХАМАС арасындағы келісім бір аптаға ғана созылған. Израиль әуе күштері Газаның оңтүстігі мен солтүстігін бірнеше күннен бері атқылап жатыр. Хан-Юнис аймағындағы соғыстың 1-күнінде 240 палестиналық қаза тапты. Ал Газа тұрғындарының жағдайы бұрынғыдан да қиындай түскен. Израиль тек әуеден емес, теңізден де шабуылды күшейте түскен.

Енді құрлықтағы операция оңтүстікке қарай бағытталмақ. Израиль әскері Газа секторының оңтүстігіндегі Хан-Юнистің бір бөлігінен оңтүстік-батысқа – Египетпен шекаралас аймаққа қарай баруды көздеп отыр. Себебі ХАМАС содырлары сол жаққа қашуы мүмкін.

Сондай-ақ Израиль ХАМАС-тың жерасты туннельдеріне Жерорта теңізінің суын толтырмақ. Газада жер астындағы жалпы ұзындығы 500 шақырымға жететін туннель желісі бар. Жалпы, ол аумақтан 800 туннель табылған. АҚШ мәліметінше, Израиль қорғаныс күштері өткен айда Газа қаласындағы Әл-Шати маңына 5 үлкен су сорғысын орнатқан.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ