Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалық

Талдықорғанда шенеунік тұрғын үй салуға бөлінген қомақты қаражатты жымқырған

Фото: Halyq Uni

Талдықорғанда 2 көпқабатты тұрғын үй салу кезінде бюджет қаражатын жымқырғандар сотталды, деп хабарлады Жетісу облысының прокуратурасы.

Қылмыстық тергеуді арнайы прокурорлар жүргізген.

Талдықорған қаласы құрылыс бөлімінің лауазымды тұлғасы мердігермен алдын ала сөз байласып, 250 млн теңгеден аса сомаға атқарылған жұмыс туралы жалған актілерге қол қою арқылы аса ірі мөлшерде ұрлық жасаған.

Сот үкімімен 3 айыпталушы, оның ішінде әкімдік қызметкері Қылмыстық кодекстің 189-бабы 2-тармағы 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 7 жылға бас бостандығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сәйкес жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түрікменстанға ресми сапармен барды

Димаш Құдайберген Құлсары тұрғындарына қолдау білдірді

Құмар ойын туралы халық пікірі: «Небір мықты жігіттер салынып кетті»