Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалықСаясат

Президент Сауд Арабиясының Королін айтулы мерекемен құттықтады

Фото: Ақорданың баспасөз қызметі

 –  Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және өз атынан Қос киенің сақшысы, Король Салман бен Әбделазиз Әл Саудты Сауд Арабиясы Корольдігінің негізі қаланған күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

– Бүгінде Сауд Арабиясы – саяси тұғыры берік, экономикасы қарыштап дамыған халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Аймақтық бірлікті, тұтастық пен бітімгерлікті ту еткен еліңіздің алдағы уақытта да Сіздің басшылығыңызбен игі мақсат-мұраттарға жете беруіне тілектестік білдіремін. Біз Корольдікті Қазақстанның ислам және араб әлеміндегі сенімді әрі маңызды серіктестерінің бірі деп білеміз. Осы ретте дәстүрлі достық пен мазмұнды саяси диалогқа негізделген ықпалдастығымыз өзара тиімді сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығымызды нығайтуға арқау бола беретініне кәміл сенемін, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Сауд Арабиясының Короліне мол бақыт, ұзақ ғұмыр, ал бауырлас сауд халқына бақ-береке тіледі.

Сәйкес жаңалықтар

Қазақстан, Әзербайжан, Түркия және Қырғызстанмен электрондық рұқсат бланкілерін іске қосты

Үкімет басшысы елдегі уақыт белдеуін ауыстыру туралы қаулыға қол қойды

Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында сенсация жасады

zamandas69@mail.ru