Пышақты алып жүргені үшін сотталды

0
69

Пышақты сақтау, алып жүру үшін қылмыстық жауаптылық

Сот үкімімен кінәлі адам аңшылық пышақты алып жүргені
үшін сотталып, 245 мың теңгеден астам айыппұл
тағайындалды.
Құқық бұзушы аңшылық пышақ түріне жататын пышақты
базардан сатып алып, өзінде сақтаған. Маманның
қорытындысына сәйкес пышақ арнайы зауыттық тәсілмен
жасалған және суық қару түріне жатқызылады.
Соттың үкімімен пышақ жойылуға жатады.
Осылайша, суық қаруды сақтау, алып жүру және
тасымалдау қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.
Астана қаласының прокуратурасы «Жекелеген қару
түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы»
ҚР Заңымен танысуды ұсынады, онда «суық қару» ұғымы,
сондай-ақ азаматтық және қызметтiк қару мен оның
патрондарының айналымы қағидалары туралы айтылған.
Суық қаруды сатып алған жағдайда тиісті рұқсаттың болу
қажеттігі туралы хабардар етеміз.
Ескертпе: «Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау
жасау туралы» Заңның 7-бабы 2-бөлігі 9-тармағына сәйкес тиісті тіркеусіз 90
миллиметрден астам сұқпа суық қарудың айналымына тыйым салынады.
Үкім заңды күшіне енді.
Астана қаласының прокуратурасы

ПІКІР ҚАЛДЫРУ