Әрбір ел өзара көмек көрсетуге және халықаралық құтқару операцияларына қатысуға дайын болуы керек

0
24

2025 жылғы 17–19 қыркүйек аралығында Қытай Халық Республикасының Гуанси провинциясындағы Наньнин қаласында ҚХР ТЖМ оқу-жаттығу полигонында халықаралық авариялық-құтқару оқу-жаттығуы өтті.

Оқу-жаттығу барысында құтқарушылар халықаралық жедел штаб құрамында төтенше жағдайларды жоюға арналған әрекеттерді пысықтады. Қатысушылар қираған ғимарат астынан зардап шеккендерді іздеу және шығару үшін заманауи құрал-жабдықтармен, соның ішінде қазіргі заманғы ұшқышсыз ұшу аппараттары  үлгілерінің мүмкіндіктерімен танысты.

Оқу-жаттығу аясында ірі ауқымды жер сілкінісі жағдайында халықаралық жедел штабты ұйымдастыру және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу бойынша оқыту тренингтері өткізілді. Төтенше жағдайларға ден қою жөніндегі халықаралық INSARAG желісінің жетекші сарапшылары құтқару операцияларын жүргізудің заманауи әдістері мен технологияларын таныстырды. Зардап шеккен тараптың халықаралық құтқару бөлімшелерін қабылдау тәртібі мен олардың төтенше жағдайдың салдарын жою бойынша жұмысын ұйымдастыру кезеңдеріне ерекше көңіл бөлінді.

Оқу-жаттығу соңында брифинг өтті, онда Қазақстан ТЖМ өкілі Сұлтан Арифжанов Қазақстан құтқарушыларының Түркия мен Ауғанстандағы жер сілкіністерінің салдарын жою бойынша халықаралық операцияларға қатысу тәжірибесімен бөлісті.

  «Төтенше жағдайлардың көлемі мен саны жыл сайын өсіп келе жатқандықтан, ешбір мемлекет ірі апаттардың салдарымен өздігінен күресе алмайды. Мұның айқын мысалы — Түркия, Ауғанстан және Мьянмадағы жойқын жер сілкіністері. Сондықтан әрбір ел өзара көмек көрсетуге және халықаралық құтқару операцияларына қатысуға дайын болуы керек. Мұндай жаттығулар тәжірибе алмасуға, үздік әдістерді үйренуге және жоғары кәсіби деңгейді айқындауға тамаша мүмкіндік», — деп ҚР ТЖМ Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімде комитетінің басқарма бастығы Сұлтан Арифджанов атап өтті.

Осындай халықаралық іс-шараларға қатысу тек әртүрлі елдердің төтенше жағдайлар саласындағы ведомстволары арасындағы ынтымақтастықты нығайтып қана қоймай, сондай-ақ төтенше жағдайларға дайындық деңгейін көтеріп, табиғи және техногендік апаттарды жоюдың озық технологияларын меңгеруге мүмкіндік береді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз