Ресей Киевті атқылады
Фото: t.me/Pravda_Gerashchenko
Бүгін таңертең сағат 4:00 шамасында бірнеше зымыран келіп түсті
Украина астанасына бірнеше зымыран түскен. 8 зымыран Киевтің аспанында ұшып бара жатқанда жойылды.
Киев мэриясының мәліметіне қарағанда, әуе шабуылынан 4 адам жарақат алды. Оларға медициналық көмек көрсетілді.
Қазір Батыс елдерінің коалициясында Украинаны әрі қарай қолдау мәселесі күн тәртібінде тұр. АҚШ Конгресі президент Джозеф Байденнің тағы бірнеше бастамасын қолдамай, кері қайтарды. Оның ішінде Украинаға қаржылай көмек көрсету мәселесі бар. Ал НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг егер ұйым Ресейге бірігіп қарсы тұрмаса, ертең РФ әскері Солтүстік Альянс елдеріне де қауіп төндіретінін ескертті.
Осы ретте Германияның канцлері Олаф Шольц барлығы бірдей Украинаға көмек көрсетуді азайтса да, ГФР Украинаны қолдауды бір сәтке тоқтатпайтынын мәлімдеді. Ол соғыстың жуық арада бітпейтінін де жасырмады.