Ресейлік блогер әскерден қашып, Қазақстанға қайтып келді

0
297
Фото: Instagram.com

Ресейде миллиондаған жасөспірімнің кумирі атанған Даня Милохин деген блогер әскерге шақырудан қашып, Қазақстанға қайтып келді деген ақпарат шықты. Бұл туралы Telegram-дағы «Клименко советует» арнасында айтылып қалды.

Әлеуметтік желіде жарияланған мәліметке қарағанда, танымал тиктокер әскерден мүлде қашпаған. Ол жай ғана Қазақстанға фаст-фудты жарнамалау үшін келген.

Ал басқа дерекке қарағанда, блогер қыркүйек айының басында Ресейге Біріккен Араб Әмірліктерінен барған. Содан кейін әскерге күзге шақыру басталатынын естіп, 11 қыркүйектен 12 қыркүйекке қараған түні алды-артына қарамай, Қазақстанға қайтып қашып келген.

Милохиннің өзі де бұл ақпаратты растады. Ол әлеуметтік желідегі парақшасында: «Мен Қазақстанға Doritos үшін ғана келдім. Сосын, әрине, Юджин үшін де келдім», – деді.

Милохин Мәскеудің «Внуково» әуежайынан әуелі Біріккен Араб Әмірліктеріне ұшып кеткен. Содан кейін әрі қарай Қазақстанға келген. Сол кезде әуежайда блогерді көрген адамдардың айтуынша, ол паспортты тексеру кезінде бір орында тұра алмай, әлденеге күйіп-пісіп, толқып, алаңдап тұрған. Бақылау пунктінен өткеннен кейін ғана көңілі жайланған көрінеді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ