Роналду ұлттық құрама сапында 100 гол соққан алғашқы футболист атанды

0
121

Португалия шабуылшысы Криштиану Роналду тарихта бірінші болып ұлттық құраманың ресми матчтарында 100 гол соқты.

2024 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу кезеңінің 1-турында Португалия мен Лихтенштейн құрамалары жасыл алаңға шықты. Ойын барысында Криштиану Роналду қос голдың авторы атанды. Ол ойынның 53-минутында, алдымен 11 метрлік айып добын дәл орындаса, матчтың 63-минутында есепті 4:0-ге жеткізді.

Осылайша, Роналду ұлттық құраманың ресми ойындарында соққан гол санын 100-ге жеткізді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ