Өрт сөндірушілердің қызметі – бұл тек отпен күресу ғана емес, ең алдымен адам өмірін құтқару

0
10

2025 жылы Төтенше жағдайлар министрлігінің өртке қарсы бөлімшелері дабыл бойынша шамамен 71 мың рет шақыртуға шықты. Құтқарушылардың жедел және кәсіби  әрекеттерінің арқасында 5 080 адам, оның ішінде 1 327 бала құтқарылды, тағы 7 432 адам қауіпті аймақтардан эвакуацияланды.

Былтыр елімізде 12 мыңнан астам өрт тіркелді, олардың шамамен 60%-ы тұрғын үй секторында болды. Өртті сөндіру кезінде ең қауіпті қатерлердің бірі кез келген сәтте қуатты жарылыс пен ауқымды қиратуларға әкелуі мүмкін газ баллондарының болуы.

Тек өттерді сөндіру және ықтимал төтенше жағдайлардың алдын алу барысында ТЖМ аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері жану ошақтарынан 1 805 газ баллонды сыртқа шығарды, олардың ішінде көлемі 50 литр болатын 500-ден астам баллон бар. Әрбір осындай операция өрт сөндірушілердің өміріне нақты әрі тікелей қауіп төндіріп, барынша жинақылықты, кәсіби шеберлікті және жеке батылдықты талап ете отырып, жоғары температура мен қою түтін жағдайында жүргізілді.

Өрттердің шығу себептерін талдау көрсеткендей, негізгі факторлар әлі де электр жабдықтарын монтаждау және пайдалану кезіндегі өрт қауіпсіздігі талаптарының бұзылуы (48%), пешпен жылыту жүйелерін қолдану кезіндегі кемшіліктер (15%), сондай-ақ отты абайсыз пайдалану (19%) болып отыр. Көп жағдайда газ баллондарын талапқа сай сақтамау мен дұрыс қолданбау өрттің салдарын едәуір күрделендіреді.

Әрбір өртті сөндіру – күрделі және қауіпті еңбек. Шектеулі көріну, аса жоғары температура, құрылымдардың құлау қаупі, оттың болжап болмайтын түрі сияқты факторлар әрбір өртті сөндіру кезінде кездеседі. Өрт сөндірушілердің қызметі – бұл тек отпен күресу ғана емес, ең алдымен адам өмірін құтқару мен азаматтардың мүлкін аман алып қалу.

Қазақстанның ТЖМ азаматтарды, әсіресе газ баллондарын пайдалану және сақтау кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Белгіленген талаптар мен қарапайым сақтық шараларын орындау қайғылы жағдайлардың алдын алып, адам өмірі мен мүлікті сақтауға мүмкіндік береді. Өз қауіпсіздігіңізге және жақындарыңыздың қауіпсіздігіне мұқият әрі жауапкершілікпен қараңыз.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ