Рухани және материалдық мәдениеттің тоғысуы

0
397

Қазақ тарихы ғылыми көзқарастан 1917 жылдан бастап 1991 жылға дейінгі Қазақстан тарихы ғылымы бір ғана саяси-экономикалық бағытта өрбіді. Қазақстан тарихының материалдары жалпы білім беретін мектептерде ресми түрде 1958–1959 жылдан бастап басшылыққа алынды.

Дегенмен де тарих сабақтары Кеңес Одағының тарихы құрамында үзік-үзік оқытылғандықтан оны оқытуда көптеген қайшылықтар орын алды. Олар: білім мазмұны мен коммунистік партияның, Кеңес үкіметінің оны оқытуға қойған талаптары, оқу бағдарламалары мен оқулықтары, білім мазмұнының көлемі, оның күрделілік деңгейі мен оқушылардың мүмкіндігі, жас ерекшелігі, оқыту əдістемесі талаптары мен курстың оқытылу жайы, пəннің оқу-материалдық базасына қойылатын талаптар мен оның іс жүзіндегі мүмкіндіктері арасындағы жəне басқа да қайшылықтар болатын. Тарихи үрдістердің заңдылықтары мен кезендеріне талдау жасауға ұмтылыс əр дəуірде де болған. Орта ғасырларда тарих пен тағдыр тəңірінің не құдайдың қолындағы іс деген пайымдау үстемдік құрса, жаңа заман ойшылдары тарих толқынының шешуші факторы ретінде ағартушылықты, төңкерісті, жеке тұлға əрекетін, мемлекеттік билік формасын алға тартты. Тарихты кезеңдеу мəселесінде отарлаушы Ресей империясы өз саясатына бейімдегендігі белгілі. Қазақ тарихты кезеңдеу мəселесін ХХ ғасырдың 20–30-жылдарында ұлт зиялылары да өз зерттеулерінде мəселе етіп көтерген болатын. М. Тынышбаевтың «Түрік-монғол тарихы» атты зерттеуінде «түрік-монғол тарихы екі кезеңге бөледі: 1) Ең ескі заманнан бастап, 1456 жылға дейін (өзбек пен қазақ-қырғыз айрылатын жыл). 2) 1454 жылдан бері қарай, казақ-қырғыз бөлініп шыққанға дейін, қысқаша түрік-монғол тарихын бəрін жазбақшымыз, сол жылдан бері қарай бір-ақ қазақ-кырғыз тарихын айтпақшымыз», – деп жазған болатын. Ал, С. Асфендияров «Қазақтар тарихының кейбір негізгі мəселелері» атты мақаласында қазақ тарихының үш кезеңі бар, олар: 1-кезең – капиталистік дамуға дейін (XVIII ғасырға дейін), 2-кезең – отарлау. Қазақстан патшалықтың отары жəне Қазақстандағы Қазан революциясының алғы шарттары, 3-кезең – кеңестік, – деп қарастырады. Еліміз егемендік алғаннан кейін Отан тарихын дəуірлеу мəселесін кешенді көтерген академик М. Қозыбаев еді. 1992 жылы дүние жүзі қазақтарының бірінші құрылтайында оқыған баяндамасында тоғыз дəуірді нақты көрсетті: Бірінші –адам баласы қазақ сахарасында пайда болып, өмір сүрген тайпалар белесі; екінші – сақ, ғұндар заманы; үшінші – түркі тектес тайпалар дəурі; төртінші – қыпшақ белесі; бесінші – онғол үстемдігі; алтыншы – қазақ хандықтары: халық, ұлттың қалыптасуы; жетінші – отаршылық бұғауында; сегізінші – қазақ халқы Кеңес империясының уысында; тоғызыншы – қазақ халқы егемеңді ел болған шағы.

Зерттеуші ғалым Х. Əбжанов қазақ тарихын 6 кезеңге бөліп қарастырады.

1) Көне Қазақстан. 2) Түркілену исламдану, қазақтану дəуіріндегі Қазақстан. 3) Қазақ хандықтары немесе табиғи-дəстүрлі даму дəуірі. 4) Зар – заман дəуірі. 5) Зорлық пен модернизациялау дəуірі. 6) Азаттық дəуірі. Қазақ тарихында табиғи-географиялық, геосаяси ерекшелік, шаруашылық-мəдени типі ықпал еткені сөзсіз. Дегенмен, шешуші рөлде, тағдыр анықтағыш тоғыста, алдыңғы шепте бірде этникалык, енді келесі сəтте саяси фактор алма-кезек табысып жатты. Қазақтың кəсіби философиясының өте көрнекті өкілдерінің бірі Ағын Қасымжанов халқымыздың өзіндік санасының тарихына қатысты қазіргі аянышты жағдайының себептерін былайша түсіндіреді: «Қазақтардың рухани мəдениетінің тарихын түсіну жəне жаңғырту жұмысындағы жағдайды сипаттайтын мəселелердің біріншісі оқыту мен білім беру үдерісі үшін іргетасты құрайтын тарихи зерттеулердің жалпы бағдарымен байланысты, ал ол, дəлірек айтқанда, жоқ болып отыр. Екіншіден, жоғары оқу орындарының тарих факультеттерін есепке алмағанда, қазақтардың рухани тарихының ғана емес, қазақ тарихының жалпы мəселелері де оқу-білім беру пəндерінің жалпы тізіміне кірмей қалды. Басқа маңызды мәселелер көтерілгенін жоққа шығара алмаймыз, көне Рим мен ортағасырлық Еуропа туралы, Бабыл мен Жаңа дүниені отарлау туралы көп айтылады, ал өзімізге жақын төңірек туралы, өлкенің тарихы мен халқымыздың өзіндік санасы туралы бірде бір қара сөз жоқ. Үшіншіден, жалпы алғанда тарихшылардың, жекелей алғанда мəдениет тарихшыларының күш-жігері «тарих дегеніміз өткенге қарай төңкерілген саясат» ұстынымен бағдарланды, яғни оларды тарихты ыңғайға қарай бұрмалап пайымдауға, партияның негізгі бағытындағы «тербелістерге» сəйкес «тарихты қайта көшіріп жазуға» бағдарланды. Адамдардағы айғаққа деген, жауапкершілікті жұмысқа деген, дербес ойлауға кілт өшіріп тастады, оның есесіне «сізге не жағымды» ұстынына сəйкес жағымпаздықты, субъективизмді қалыптастырды». Əлемдік тарихта қазіргі заман тарихының басталу кезеңін бірінші дүниежүзілік соғыстың басталу уақытымен алса, Кеңестік жүйеде 1917 жылғы қазан төңкерісінің уақытымен алған болатын. Біздің пайымдауымызша Қазақстан тарихындағы қазіргі заманды қазақ жеріне капитализмнің енуінен бастау керек деген орынды.

Мәдениет пен өркениет

Мәдениет – қарқынды түрде қоршаған ортаның, өмір сүру ортасының шығармашылық факторы және қоғамдық өзгерістің қайнар көзі. Рухани және материалдық мәдениеттің тоғысуының айғағы.

Ал сол мәдениет халыққа пайдалы, адам өмірін жақсартуға негізделсе, ол өркениет белгісі.

Ең біріншіден, көшпенділерде жазу  8 ғасырда қалыптасқан. Әдебиеттің жазбаша және ауызша түрлері бар екені белгілі. Көшпенділерде әсіресе, ауыз әдебиеті жақсы дамыған болатын. Бұл – өркениеттің белгісі, себебі халық ауыз әдебиеті адамгершілікке, халықтың өмірін жеңілдетуге бағытталды.

Екіншіден, қолөнер дамып, халыққа едәуір жаңа мәдениеттілікті енгізді. Яғни, ол да бір өркениетіліктің көрінісі. Киім – кешек, ер – тоқым, небір зергерлік, ерекше жасалған бұйымдар –  қолөнер туындылары.  Әрине, қолөнердің ең биік шыңы, ол – киіз үй. Көшпенділер сыртқы саясатқа байланысты, қалың елді қансыратқан, «Елім – ай» зарлы әнінің шығуына түрткі болған орны толастамас Жоңғар шапқыншылығы,  қазақ елінің «ағалары » көрінген, қазақтың сары, кең, шұрайлы  жеріне дәмелі болған Қытай мен Ресейдің жаугершілік сипаттағы жорықтары көшпенділерді киіз үйге тұрақтауына  әкелді. Киіз үйдің сыртқы көрінісі ерекше, оған қоса «шаңырақ», «уық», «керегенің» өз маңыздылығы мен құндылықтары бар дегім келеді. «Шаңырақ» – көпмағыналы сөз, ең көп қолданылатын мағынасы, ошақ қасы, отау деген сөздер болып басталады.

Қазақ халқының 4, 6,8,10,12 қанатты үйлері – сан ғасырлар жалғасқан мәдениет пен өркениеттіліктің айқын көрінісі.

Үшіншіден, көшпенділердің тәрбиеге  бай әдет-ғұрпы, ойын-сауық, той-томалақтары кеңінен тарады. Күй, ән өнерінің өзінде тән ерекшелік пен мол тағылым жатыр.

Төртіншіден, қазақ халқы – есті халық. Әрбір айтылған сөзге мән беріп, «Үлкенге – құрмет жасап», тәрбиелілік маңызына айтылған мақал – мәтелдері жетерлік. Дәл осы халықтың кемеңгерлік даналығы інжу меруерттей дер едім. Тіпті : «Халық айтса, қалт айтпайды» деген мақал көп нәрсені түсіндіріп тұрғандай. Халық орынсыз , дөрекі сөз, әдепсіздік танытқанқанды көргенсіз деп есептеген.

Бұл келтірілгендер көшпенді қазақ халқының мәдениеті бай, ал өркениетінің жоғары екендігін байқатады. Әрине, қазақ халқының мәдениеті қашан да ерекше, оны бәрі мойындайды. Тек мұны  «этноцентризм» деп ойламаймын, бұл еліме деген ыстық сүйіспеншілігім мен ыстық ықыласымның бір ғана тұтам бөлшегі.

Ғ.Т.Хафизұлының «Талбесіктен Жербесікке дейін» атты еңбегіндегі ырымдарды келтіре отырып, өз ойымды жеткізетін боламын.

Ең бірінші таңдап алған ырым: « Қазақ баласы ата-анасына тіл тигізбеуі керек. Бұлай істесе қара тас жалап, тілің тасқа тисін деп қан шығарады», -осы болды. Менің ойымша, ата – ана біздің осы дүние есігін аша салғандағы ең алғаш көрген қорғандарымыз бен жанашырларымыз деп білемін. Енді, өмір ащысы мен тәттісі қатар жүргендіктен кей балалар жетім, ата – анасыз балалар үйінде өсіп жатады, бұл қайғылы оқиға. Енді кейбірінде ата – анасы бола тұра, бар жағдайын жасап беріп отырған жағдайда да, оларды сыйламай, құрмет тұтпайтын жандар болады.  Міне, өмір көрінісі. .. Ата – ана қандай болса – дағы оларды сыйлау, жақсы көру – баланың парызы деп білемін.

Айта кететін жайт, ата – ананың қадірі жайлы Құранда жазылған. Дана қазақ халқы шариғатқа сай өмір сүріп, наным – сенімдерінің іргесі мықты болғандықтан да біртуар тұлғалары дүниеге келіп отырған деп ойлаймын.

Екінші ырым «Қазақ салты бойынша түнде сыпырынды төкпейді, үй сыпырмайды. Сыпыра қалғанда: «Үйге бүйі кіріп кетті» дегенді айтып барып сыпырады. Себебі, сыпырынды жатқан жерге жын жиналады. Түнде сыпырындының ласы денеге шашыраса, адамға жын жабысады да, жазылмайтын науқасқа тап болады деп ырымдалады» жайында болмақ. Бұл ырымды келтіріп отырған себебім, түнге жақын үйді тағы бір жинап алайын деген мен, кілем – төсекшелерді қағып, сыпырып енді далаға шығып сыпырындыны төгейін дегенімде, анам көріп қалып, осы ырымға сай келтіріп, «түнде үй сыпырмайтыны — сыпыртқының ұшына жын жабысады», – деп еді. Қарап отырсам, бір хадисте келтірілгендей «Ақшам уақытынынан кейін жын – перілер қаптайды» дегені бар. Бұл да бір отбасылық құндылыққа жататын маңызды ырым деп есептеймін.

Үшінші келтіретін ырым «Ас атасы – нан» жайлы болмақ – «Қазақ нанды баспайды. Нан аса қасиетті деп есептеледі. Нанды басқанды құдай атады, қарғысқа ұшырайды, өзегі талып өкіреді деп ұтады». Бұл ырымды былай түсіндім, әрбір жасалған, шығарылған заттың не нәрсенің артында үлкен еңбек жатады. Оны бағалай білу – парыз. Себебі, дайын зат болғандықтан да, адам оны басып, құлатып  көргенсіздік танытып жатады. Сол сияқты, «Ас атасы – нан», – дейді дана қазақ. Ө.Тұрманжановтың өлеңі еріксіз есіме түсіп кетті:
«…Нан қиқымын шашпаңдар,

Жерде жатса баспаңдар –

Теріп алып, қастерлеп.
Торғайларға тастаңдар !».

Келесі ырым қазақ халқының кешірімшілдігі мен парасаттылығы жайлы «Ағайынды кісілер араздасып қалса, басқа бір туысы ақ дастарханына шақырып, дәм сыйлап, татуластырады».

Қандай көңіл жібіп, жан жылытатын көрініс һәм ырым. Бұл жердегі маңыздылық – туыстық ара – қатынас, бір – біріне көмек беру, татуластыруға ұмтылу.

Ырым: «Қазақ алыстан келген жолаушыны, қонақты, ағайындарын, қандас бауырларын «Қырықтың бірі Қыдыр, Мыңның бірі Уәлі» деп ырымдап, төрге отырғызады…». Қазақ – қонақжайлы халық. Бұл халық өзіне қонақ болып келіп қалған жандарды «құдайы қонақ» санап, төрге отырғызып, өздері ішіп – жемегенін алдына салады. Қандас бауырларына құрмет танытудың өзі – парасаттылық белгісі. Менің ойымша, бұл ырым да халықтың кеңпейілдігін, қамқорлығын, мейірімділігін, құрметін көрсететеді.

 

 

 

Сұлтан Бағдат Сұлтанқызы

 

ПІКІР ҚАЛДЫРУ