СҚО-да білім беру нысандарын жөндеуге 4 млрд теңге жұмсалады

0
99

Солтүстік Қазақстан облысында биыл 39 білім нысанын күрделі жөндеуден өткізу жоспарланды.

Брифингте білім басқармасының басшысы Нәзір Жәшібеков өткен жылы 2,5 миллиард теңгеге 31 нысан жөндеуден өткенін айтты. Оның ішінде 21-і «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы бойынша. Мектептердің шатыры, терезелері, жылу жүйесі ауыстырылып, күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.

«Апатты мектептерді жою жұмыстары жалғасып жатыр. Тайыншы ауданында 720 орындық екі мектептің құрылысы жүріп жатыр. Алдағы уақытта Драгомировка ауылында 120 орындық мектеп салуды жоспарлап отырмыз. Петропавлда орын тапшылығын азайту үшін 2026 жылға дейін 3,3 мың оқушыға арналған төрт жаңа мектеп салынады», деді Нәзір Жәшібеков.

Олар 28 пәндік кабинет сатып алуды жоспарлап отыр. Өткен жылы 150 миллион теңгеге 28 физика-биология кабинеті сатып алынды.

«2020 жылдан бастап Петропавлдағы күндізгі оқу нысанындағы 48 мектепте жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі енгізілді. Бұл қаржыны дербес және тиімді басқаруға, оларды сақтауға және қайта бағыттауға мүмкіндік береді. Үнемделген қаражат есебінен биыл қала мектептерінің материалдық-техникалық базасын жөндеу және нығайту жоспарланды», деп қосты Нәзір Жәшібеков.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ