СҚО-да тасқыннан зардап шеккендерді эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр

0
68
фото: tengrinews.kz

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынына қарсы жұмыстар жалғасып жатыр. Су деңгейін өлшеу және Есіл өзенін қарауылдау жұмыстары тәулік бойы жүргізілуде.

Онда қазір Қарулы күштердің 700-ден астам әскери қызметшісі бірнеше топқа бөлініп, зардап шеккендерді эвакуациялау мен бөгеттерді нығайту жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Подгора ауданында Қызылжар және Ущев көшесіндегі жергілікті тұрғындар эвакуацияланды. Хром зауыттағы, Кожевин көшесіндегі және қалалық жағажайдағы бөгетті күшейту жұмыстары қолға алынған.

Сондай-ақ әскери қызметшілер Бескөл кентінде жол полициясымен бірлесіп, Жамбыл және Рабочий көшелерін қоршау жұмыстарын жүргізді.

Петропавл қаласының тұрғындарына ауыз су жеткізу ісі де ұйымдастырылып жатыр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз