Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Заң мен тәртіп

СҚО-да тасжол бойындағы полицейді көлік қағып, мерт етті

фото: Halyq Uni

Солтүстік Қазақстан облысында Челябі-Новосибирск тасжолында 48 жастағы полицейді көлік қағып, жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.

Қызметкердің өлімі туралы ақпаратты облыстық ПД баспасөз қызметі растады. Ведомство мәліметінше, бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалған.

28 сәуірде республикалық маңызы бар Челябі-Новосибирск тасжолында 48 жастағы полиция қызметкерін көлік қағып кетіп, ол алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты. Қазір жүргізушіні анықтау мақсатында жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық іс қозғалды, – делінген хабарламада.

Сәйкес жаңалықтар

Вандалдарды тауып, жауапкершілікке тартты

Жамбылдық полицейлер 111 рет жол ережесін бұзған жүргізушіні ұстады

Автобус жүргізушісін ұру және үш адамның өлімі: Алматыда прокурор ер адамды 8 жылға соттауды сұрады