Тасқыннан кейін 13 мыңнан аса отбасы мемлекеттік қолдауға ие болды

0
42
Фото: Мейірбек Тажқұранов

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елдегі ауқымды су тасқынынан зардап шеккен азаматтарға келтірілген залалды өтеу процесі жалғасып жатыр.

Атырау, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан және басқа да бірқатар облыстардың тұрғындары арнайы құрылған өңірлік комиссияларға тиісті өтініштер беріп жатыр. Бүгінде 22 мың 475 өтінім қабылданды.

Биыл 29 сәуірдегі жағдай бойынша 13 259 отбасы 100 АЕК мөлшерінде 4,8 млрд теңгеден астам біржолғы төлем алды. Мал шығыны үшін төленетін өтемақы көлемі 278 млн теңгеге жетті.

Бүгінде зардап шеккен өңірлерде 3 956 тұрғын үй тексеріліп, 2 649 нысан бойынша бағалау жұмыстары жүргізілді. 524 үйге жөндеу жұмыстарын жүргізуге 670 млн теңгеден астам қаржы бөлінді.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ