Садриддин Ахметов қарсыласымен тең түсті

Фото: ашық ақпарат көзінен алынды
Қазақстандық кәсіби боксшы Садриддин Ахметов мексикалық Элиас Эспадаспен бокстасты.
Жекпе-жек 10 раундқа созылды. Нәтижесінде екеуі де өз спорттық мансабында алғаш рет тең нәтиже көрсетті.
Еске салайық, осыған дейін бірінші орта салмақта С. Ахметов 15 кездесу өткізген. Оның 13-ін нокаутпен аяқтаған.