Саяси қуғын-сүргін – халқымыз үшін тарихи трагедия – Еркін Әбіл

0
66
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

 – ҚР Президенті Іс басқармасының Президенттік орталығында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне арналған «ХХ ғасырдағы саяси қуғын-сүргіндер: тұжырымдамалық пайым және саяси-құқықтық баға беру» атты дөңгелек үстел өтті.

ҚР Президенттік орталығының директоры Бақытжан Темірболат іс-шараның мақсатын атап өтті.

«Қазақстандағы және бұрынғы Кеңес Одағы республикаларындағы саяси репрессиялардың өзекті мәселелеріне сараптамалық талдау жасап, саяси-құқықтық баға беру маңызды», – деді ол.

дөңгелек үстел
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Қазақстан аумағында жалпы саны 11-ге жуық ГУЛАГ лагері мен бөлімшелері құрылғаны белгілі. Қазақ тарихындағы аса ауыр зұлматты кезең – ашаршылықтың болғанына ғасырға жуық уақыт өтсе де, оның алғышарттары, себебі мен салдары әлі күнге дейін ғылыми тұрғыдан жан-жақты әрі толық зерттеліп болған жоқ. Бұл ретте, осыдан төрт жыл бұрын Мемлекет басшысының тапсырмасымен ашаршылық пен сталиндік құғын-сүргін құрбандарын ақтау жөнінде мемлекеттік комиссия құрылған болатын.

Дөңгелек үстел
Фото: Солтан Жексенбеков / Kazinform

Мәжіліс депутаты, тарих ғылымдарының докторы, профессор Еркін Әбіл соңғы жылдары құпия сақталған құжаттар қолға тигенімен, көбі жарамсыз күйінде екенін айтты. Қағаздарға су тиіп, жыртылып, жазулар жоғала бастаған. Десе де, ғалымдар маңызды дүниелерді барынша сақтап қалуға тырысып отыр.

«Бұл оқиға – халқымыз үшін тарихи трагедия. Әлі ашылмаған дүниелер көп. Біз әлі саяси қуғын-сүргін құрбандарының нақты санын білмейміз. Жеке есімдерін білу былай тұрсын, ашаршылықтан қайтыс болғандардың саны да белгісіз. Үш жыл ішінде мұрағат материалдары ретінде 70-тен астам құжат жинағы әзірленді. Соңғы екі жылда Алматыдағы Президент мұрағатында 100 жылда жиналған материалмен тең 700 мыңға жуық құжат жиналды. Алайда, оның жартысынан көбі дұрыс сақталмағандықтан, қайта қалпына келтіруді қажет етеді. Кейін құжаттарды ғылыми айналымға енгізу керек», – деді Еркін Әбіл.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ