Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалық

Семей қаласына 2 мыңнан астам «Сергек» камерасы орнатылады

Семей қаласына 2 мыңнан астам «Сергек» камерасы орнатылады, – деп хабарлайды zamandas.kz сайты.

Қала әкімінің орынбасары Дархан Жөргекбаевтың айтуынша, «Сергек» фото-бейнетіркеу жүйесін енгізу мақсатында 5,2 млрд теңге бөлінген.

«40 жол қиылысында және 74 желілік учаскеде 1 391 камера, әлеуметтік нысандарда, көпқабатты тұрғын үй ауласында, адам көп жиналатын жерлерде 687 камера орнатылмақ. Бұндағы мақсат – жолдағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жол апаттарының алдын алу. Биыл қаланың 27 көшесі орташа жөнделді. Ал 106 көше мен жергілікті маңызы бар жолдар ағымдағы жөндеуден өтті», – деді ол қалалық Ақпарат орталығында өткен баспасөз конференциясында.

Дархан Жөргекбаевтың сөзінше, республикалық бюджет есебінен «Семей-Қайнар» тасжолының 53 шақырымы жөнделуде. Жалпы жыл сайын жол жөндеу жұмыстарына 3 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.

Сәйкес жаңалықтар

Иесін өлімнен құтқарған мысық марапатқа ұсынылды

Үкімет резервінен шаруаларды қолдауға 116 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді

zamandas69@mail.ru

Білімнің күйреуі – ұлттың күйреуі