Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Басты жаңалық

Маңғыстау облыстық ауруханасы көпфункционалды кереуеттермен толықты

Маңғыстау облыстық ауруханасына Финляндияда жасалған 20 жаңа көпфункционалды төсек-орын алынды, – деп хабарлайды zamandas.kz аурухананың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Lojer ScanAfia PRO медициналық-реанимациялық кереуеттері қарқынды терапия бөлімшелерінде пайдалануға арналған. Аталған реанимациялық кереуеттер еуропалық стандарттарға сай.

Яғни, кереуеттер қашықтан басқару пульті арқылы басқарылады, бұл өз кезегінде науқастың жағдайын реттеуге мүмкіндік береді. Ал арнайы матрац төсек жараларынан қорғайды.

«Декубитке қарсы матрацтар теріге қысымның болмауын және ұзақ уақыт бойы жұмсақ тіндердің зақымданбауын қамтамасыз етеді.  Сонымен қатар жүрек ауруымен ауыратындарға алғашқы көмек көрсетуге қолайлы. Ал жаңа төсек-орындар пациенттің тұруын жеңілдетеді. Бұл тек пациенттерге ғана емес медицина қызметкерлеріне де ыңғайлы. Себебі жаңа кереуеттер жұмыс істеуге қолайлы, әрі сенімді», – дейді Маңғыстау облыстық ауруханасы хирургиялық орталығының басшысы Сағат Бітімов.

Сәйкес жаңалықтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысында сөз сөйледі

Маңғыстауда табиғи қорықтың 55 мың гектар жері мұнай өндіру үшін жеке компанияға берілді

zd_admin

Сенатор Бекназаров: Конституциялық реформа тұжырымдамалық тәсілдерді өзгертеді және заңдардың сапасын арттырады