Шахмат ойлау мен табандылыққа тәрбиелеу құралына айналды

0
24

Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Нұртөре Жүсіп мүгедектігі бар спортшылар арасында шахматтан II күндізгі Олимпиаданың ашылу салтанатына қатысты.

Нұртөре Жүсіп өз сөзінде еліміздің спорттық және қоғамдық өмірінде бұл шараның маңызы зор екенін атап өтті. Оның айтуынша, шахмат – бұл ақыл-ой қуаты мен кемелдікке ұмтылуға тәрбиелейтін зияткерлік спорт түрі, ал мыңдаған қазақстандықтарға мінез қалыптастыратын және шабыт шақыратын мектепке айналды.

«Мемлекет инклюзивті спортты дамытуға және бәріне тең мүмкіндіктер жасауға баса назар аударып келеді. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен спортты дамытуға және жастарды қолдауға бағытталған реформалар жүзеге асуда. Шахмат ойлау мен табандылыққа тәрбиелеу құралына айналды, ал мүгедектігі бар спортшылар арасында шахматтан олимпиада өткізу әркімге өзін-өзі танытуға тең жағдай жасауға деген Қазақстанның ұмтылысын нақтылайды», — деді Нұртөре Жүсіп.

Сенатор сондай-ақ елімізде мүгедектерге арналған спорт нысандары салынып жатқанын, оңалту бағдарламалары мен инклюзивті секциялар іске қосылғанын және спорт саласындағы бейімді бастамалар саны көбейе бастағанын атап өтті. Зияткерлік спорт түрлеріне, атап айтқанда шахматқа ерекше назар аударылып келеді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша шахмат мектептегі білім беру жүйесіне енгізілуде, академиялар желісі мен шахматшыларды даярлаудың ұлттық бағдарламасы дамып келеді. Бұл шаралар тек чемпиондарды тәрбиелеуге ғана емес, сонымен қатар жастардың өрелі ойы мен стратегиялық көзқарасын дамытуға бағытталған. Біз ашқан Олимпиада рухтың күш-жігеріне, дарын мен жеңіске деген ұмтылысқа мүгедектік кедергі келтірмейтінін айқын көрсетеді», — деп атап өтті Нұртөре Жүсіп.

Сенаттың Баспасөз қызметі,  Суретті түсірген: А.Байжұманов

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз

  • Вейпке тыйым салуға қарсы шыққан депутаттар да болды – Нұргүл Тау


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213


  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213