Шайбалы хоккейден ӘЧ: Қазақстан әйелдер құрамасы бірінші дивизионға шықты

0
280
Фото: icehockey.kz

 – Шайбалы хоккейден Қазақстан әйелдер құрамасы алдағы жылы бірінші дивизионның В тобында сынға түсуге мүмкіндік алды.

7 сәуірден бастап Андорра мемлекетінде екінші дивизионның А тобында ойындар өткізілді. Қазақстандық хоккейшілер Бельгия, Мексика, Тайвань және Исландиямен жалғыз жолдаманы сарапқа салды.

Алғашқы төрт турда ел құрамасы Бельгияны 9:2, Мексиканы 4:2, Тайваньды 3:0, Исландияны 7:2 есебімен тізе бүктірді.

Шешуші ойын Қазақстан және Испания құрамалары арасында өтті. Екі құрама да бұған дейін бірде-бір мәрте жеңіліп көрмеген еді.

Бұл ойында қазақстандық хоккейшілер сенімді ойын көрсетті. Нәтижесінде қарсыласынан 5:3 есебімен басым түсті.

Қазақстан – Испания – 5:3 (1:1, 1:2, 3:0)

0:1 – 09:58 – Хименес (Фернандес, Муньос)
1:1 – 10:06 – Свиридова (Алдабергенова)
1:2 – 27:48 – Хименес (Муньос, Фернандес)
2:2 – 33:48 – Оразбаева
2:3 – 39:48 – Муньос (Охаре)
3:3 – 41:41 – Оразбаева (Саяхатқызы М.)
4:3 – 59:22 – Шегай
5:3 – 59:46 – Әшімова

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Оқи отырыңыз

  • Notice: Undefined offset: 0 in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

    Notice: Trying to get property 'term_id' of non-object in /var/www/zamandas.kz/data/www/zamandas.kz/wp-content/themes/zamandas_news/inc/libs/rubik_core.php on line 1213

  • Облыс колледждерінде 13 жаңа мамандық ашылды