Zamandas.kz ақпараттық агенттігі
Мәдениет

Шалқарда заманауи Өнер мектебі бой көтеруде

Шалқар ауданына жұмыс сапары барысында облыс әкімі Асхат Шахаров 150 балаға арналған жаңа Өнер мектебінің құрылыс барысымен танысты.

Жоба Қазақстан темір жолы компаниясының қолдауы және Wabtec Corporation компаниясымен стратегиялық серіктестікті кеңейту аясында әлеуметтік жобалар корпоративтік қоры арқылы жүзеге асырылуда.

Құрылыс жұмыстары биылғы жылдың наурыз айында басталған. Қазіргі таңда нысанда 50 жұмысшы еңбек етіп, 25 техника жұмылдырылған. Алдағы уақытта жұмысшылар саны 150 адамға дейін артады. Құрылыс жұмыстары бекітілген кестеге сай жүргізілуде. Нысан құрылысына отандық материалдар пайдаланылуда.

Жобаның жалпы құны – 1,71 млрд теңге.

Құрылыс аяқталған соң Шалқарда заманауи Өнер мектебі бой көтереді. Мұнда балалар музыка, шығармашылықпен айналысып, өз қабілеттерін қолайлы жағдайда дамыта алады.

Асхат Шахаровтың айтуынша, мұндай әлеуметтік жобалар аудандарды дамыту мен өскелең ұрпаққа мүмкіндік жасауда аса маңызды. Сондай-ақ жаңа нысан іске қосылғаннан кейін шамамен 100 жаңа жұмыс орны ашылып, аудан тұрғындары үшін маңызды мәдени орталыққа айналады деп күтілуде.

Сәйкес жаңалықтар

Алматы – азаттығымыздың алтын бесігі, жасампаз жастардың құтты мекені

Алматыдағы балалар мен жасөспірімдер театры жаңғыртылып жатыр

Мерейтойға орай ерекше концерт ұйымдастырылды