Шавкат Рахмоновтың кезекті қарсыласы белгілі болды

0
207

Мансабында бірде-бір рет жеңіліп көрмеген қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Шавкат Рахмоновтың кезекті қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Шавкат Абу-Дабиде өтетін UFC 294 турнирінде америкалық Белал Мұхаммадпен кездеседі. Жекпе-жек жиырма бірінші қазанға жоспарланған. Белал Мұхаммад ММА-де 25 жекпе-жек өткізіп, оның 22-сінде жеңіске жеткен.

Ал Шавкат Рахмонов 17 кездесуінің бәрінде жеңімпаз атанған. UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингінде Шавкат Рахмонов алтыншы, Белал Мұхаммад үшінші орында тұр.

ПІКІР ҚАЛДЫРУ